Компания тарихы

«Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшыларына арналған үй

  • «Шұбаркөл көмір» АҚ «Центральный» вахталық поселкісінде вахтааралық демалыс үшін 60 орындық жаңа үй пайдалануға берілді.

Жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдар

  • Жергілікті атқарушы органдар және кәсіподақтармен жұмыс орындарын сақтау және өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі үш жақты меморандумдарға қол қойылды.

Жергілікті үлес жөніндегі меморандумдар

  • 7 облыс әкімдігімен жергілікті үлес жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Президентпен телекөпір

  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ, Қазақстан электролиз зауыты және «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мен Ақсу ферроқорытпа зауытының екі мыңнан астам жұмысшысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен болған телекөпірге қатысты.

GOSH жобасы

  • Астанада Еуразиялық Топтың лондондық Great Ormond Street Hospital (GOSH) госпиталімен бірлесіп ұйымдастырған бес жылдық тағылымдама бағдарламасы аясында іріктеу комиссиясының отырысы өтті.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек

  • Қарағанды облысындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілді.

«Қазақстандықтар – Кеңес Одағы батырлары» видеоантологиясы

  • Астанада Кеңес Одағының батырлары болған қазақстандықтар туралы «Нұр Отан» партиясы мен Еуразиялық Топтың қолдауымен жарыққа шыққан видеоантологияның таныстырылымы өтті.

«Батырлар жолымен» – «Дорогой славы» жобасы

  • Жеңістің 70 жылдығында РФ Псков облысының аумағында «Майдан жолы» іздестіру отрядының сарбаздары Ұлы Отан соғысының қаһармандарына арнап Жеңістің әрбір он жылына орай жеті ескерткіш орнатты.

Қазақстан тарихындағы ең биік торт

  • Астанадағы SOS Балалар қалашығының тәрбиеленушілері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай биіктігі 30 метрлік тортты сыйға алды.

Тұрғын үй бағдарламасы

  • Кәсіпорындар жұмысшыларына арналған Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында аймақ әкімдіктерімен тиісті меморандумдарға қол қойылды.

Мерейтойлы жыл

  • Шұбаркөл разрезіне – 30 жыл
    Краснооктябрь боксит кен басқармасына – 65 жыл
    «Восточный» разрезіне – 30 жыл
    «Қазхром ТҰК» АҚ-на – 20 жыл

Назарбаев Университетімен меморандум

  • Назарбаев Университетімен ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандумға қол қойылды.

«Шебермен кездесу» шахмат жобасы

  • Хромтау, Павлодар, Қарағанды, Рудный және Астана қалаларында қазақстандық танымал гроссмейстерлермен бір мезгілдегі ойын сеанстары ұйымдастырылды.

Жаңа оқу орталығы

  • «Қазақстан алюминийі» АҚ базасында Металлург күнінің қарсаңында заманауи оқу орталығы ашылды.

Борыш міндеттемелерін қайта қарау

  • Еуразиялық Топ ВТБ мен Ресей Жинақ банкі алдындағы міндеттемелерді қайта қарауға қатысты стратегиялық маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Жаңа шіркеу

  • Қостанай облысы Қашар ауылында «ССКӨБ» АҚ-ның қаржыландыруымен жаңа православ шіркеуі ашылды.

АқсФЗ-да пештің іске қосылуы

  • Ақсу ферроқорытпа зауытында №27 пеш күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды.

Шеберлер елі

  • «Шеберлер елі: бір отбасында» атты жоба аясында Топ кәсіпорындарының жұмысшылары арасында өткен әдеби байқаудың лауреаттары мен дипломанттары анықталды.

«Ертіс Инвест-2015» келісім-шарты

  • «Ертіс Инвест-2015» форумы аясында Еуразиялық Топ ұзақ мерзімдік жоспарларды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше маңызды келісім-шарттарға қол қойды.

«Жоспарды асыра орындау

  • «ЕЭК» АҚ энергетиктері 2015 жылы электр-қуатын өндіріп шығару жөнінен жоспарды асыра орындады.

Жаңа обсерватория

  • ERG мен Павлодар облыстық әкімдігінің арасындағы әріптестік жөніндегі Меморандум аясында Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовтің қатысуымен облыстық М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жеке обсерватория ашылды.

«Алаш тарихының ақиқаты» байқауы

  • Еуразиялық Топтың қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш тарихының ақиқаты» атты әдеби байқау өтті.

Экологиялық әріптестік

  • Еуразиялық Топтың Павлодардағы кәсіпорындары «Экология жөніндегі құзырет орталығы» корпоративтік қоры арасында өзара әріптестік жөніндегі Келісім-шартқа қол қойды.

Инновациялар байқауындағы жеңіс

  • Ұлттық инновациялар байқауында республика бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ-дағы жаңашыл идеяларды қолдау жүйесі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты металлургтерінің жаңашыл шешімдері үздік деп танылды.

Ферроқорытпаның миллионыншы тоннасы

  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақсу ферроқорытпа зауытында ферроқорытпаның миллионыншы тоннасы балқытылды.

Энергоблокты іске қосу

  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ЕЭК» АҚ-ның электр станциясында күрделі жөндеуден кейін №4 энергоблок іске қосылды.

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау

  • ERG отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Алтын қор – 2015»

  • ССКӨБ базасында Еуразиялық Топ тарихында тұңғыш рет ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарының қызметкерлері арасында «Алтын қор» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Активтерді сату

  • Еуразиялық Топ Серов ферроқорытпа зауытының акцияларын сатты.

Көлік тобы

  • Еуразиялық Топ Серов ферроқорытпа зауытының акцияларын сатты.

  • Алматылық «ENRC Logistics», «МЭК Транссистема» ЖШС мен «ТрансКом» ЖШС-лары бірегей «ТрансКом» компаниясы болып қайта құрылды. Бұдан бөлек, оның басқаруына «Трансремвагон» және «Береке 2004» вагон жөндеу кәсіпорындары берілді.