Компания тарихы

Қаңтар

  • Давостағы ДЭФ аясында әлемдегі 42 жетекші халықаралық ұйым аккумуляторлық батареялар нарығында құнды қалыптастыру барысында орнықты құн тізбегін құруды көздеген 10 қағиданы қолады
  • Павлодар алюминий зауытындағы №1 жентектеу пешінің бірінші электр сүзгісінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды

Ақпан

  • Қызметінен босаған ТБКБ-ның 20-дан астам маманы жаңа кәсіпорынға жұмысқа орналастырылды
  • ERG прекурстар өндіретін зауытың құрылысын жоспарлады
  • Жоғары оқу орындарында ERG күні өтті

Наурыз

  • «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде 1 600 қызметкерге арналған жаңа себезгі кешенінің құрылысы аяқталды
  • Eurasian Resources Group қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал
  • ERG Нұр-Сұлтан қаласына коронавируспен күреске жәрдем ретінде 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті
  • ERG республикалық «Birgemiz» қорына 4,5 млрд теңге бөлді

Сәуір

  • «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға көп өнім шығарды
  • Елдегі төтенше жағдай тұсында «Шығыс» кенішінің қызметкерлері айналмалы-ағынды аршу кешенімен (АААК) аршылым шығарудан жаңа рекорд орнатты
  • ERG Service өнімнің жаңа түрі — ортажүрісті білдекті диірмендерге арналған құрсау шығара бастады
  • «ТрансКом» ЖШС Қытайға теміркенді шикізат тасымалын 2 есеге арттырды
  • Eurasian Resources Group Павлодар облысындағы карантин мерзімінде өз қызметкерлерін тегін көлікпен қамтамасыз етті

Мамыр

  • Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде ERG $5 млн қаражат бөлді
  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кеніші іске қосылғаннан бергі 35 жылда кенорнынан бір млрд текше метр тау-кен массасы шығарылды
  • ERG мен Қазақстанның ТҮҚЖБ аймақтағы кәсіпорын қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске асыра бастады
  • Ақсу электр станциясында қуаты 325 МВт № 6 энергоблокты күрделі жөндеу аяқталды
  • 2019 жылы Eurasian Resources Group құрған мамандандырылған өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорны жұмысын бастады

Маусым

  • ERG акционері, Директорлары кеңесінің мүшесі Алиджан Рахманұлы Ибрагимов COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатталды
  • Eurasian Resources Group сенімді серіктестері мен болашақ серіктестерінің жұмысты жетілдіруге қатысты тың идея, ұтымды ұсыныстарын тыңдау үшін ресми сайтында www.erg.kz арнайы айдар ашты
  • Екібастұз кеншілері «Шығыс» кеніші іске қосылғаннан бергі 600 млн-ыншы тонна көмір өндірді
  • «Евразия медицина орталығы» ЖШС Еуразиялық Топ құрамына енді

Шілде

  • ERG бірқатар отандық тауарөндірушілермен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды
  • «Шұбаркөл көмір» кеніші игеріле бастағаннан бері 500 млн текше жыныс аршылып, 180 млн тонна көмір алынды
  • Ақсу ферроқорытпа зауытындағы күл қалдықтарын жинақтағыштың екінші секциясының құрылысын аяқталды

Тамыз

  • Eurasian Resources Group Павлодар облысына COVID—19 инфекциясымен күреске 600 млн теңге бағыттады

  • ERG Service алғаш рет құю шөміштерін өндірді
  • Eurasian Resources Group Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі COVID-19 таралуына қарсы күрес қамына қосымша 1 млрд теңге бөлді
  • Екібастұзда ERG Тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
  • ERG Service энергетикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстарының көлемін екі есе ұлғайтты

Қыркүйек

  • Eurasian Resources Group импортты алмастыру және тауарларды жергілікті жерде өндіру бағдарламасы басталғанын хабарлады
  • Шұбаркөл көмір" АҚ белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясын өндірді
  • Павлодар алюминий зауытына тазарту деңгейі 99,99% болатын «гибридті» сүзгілер орнатылды

Қазан

  • Eurasian Resources Group БҰҰ-ның инклюзивті мультилатерализмге үндеуін қолдаған мыңнан астам компания қатарына қосылды
  • ERG-дің 2019 жылғы Орнықты даму туралы есебін жариялады
  • ССКӨБ өз өніміндегі темірдің пайыздық құрамын арттырды
  • ERG Service алғаш рет құйма өнімін Өзбекстанға жөнелтті
  • Eurasian Resources Group Люксембургте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылған музыкалық концертке қолдау көрсетті

Қараша

  • ERG Еуразиялық Топ пен жалпы тау-кен металлургия саласы күнделікті тап болып жататын түйткілдер мен қатерлер толық сипатталған арнайы сайт — http://erg-innovation.kz/ ашты
  • Сбербанк пен Eurasian Resources Group әріптестік аясын кеңіту ниетін білдіретін меморандумға қол қойды
  • Ақсу ферроқорытпа зауытының 35 қызметкері жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Желтоқсан

  • ERG өз қызметкерлерін барынша қолдау мақсатында қалыптасқан дәстүр бойынша желтоқсан айында 13-ші айлық берумен шектелмей, барлық өндірістік кәсіпорын қызметкерлеріне пандемия тұсындағы ерекше күрделі жағдайлардағы еселі еңбегі үшін арнайы ынталандыру ретінде қосымша ақы төледі
  • Eurasian Resources Group Қостанай облысындағы COVID-19 індетіне тосқауыл шараларына қосымша 107 млн теңге бөледі
  • Eurasian Resources Group-тің 2019 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебі Қазақстандағы үздік деп танылды
  • Қазақстан мен Еуропадағы сұраныстың артуына орай ҚЭЗ алюминий өндірісінің көлемін ұлғайтты
  • ERG Service мамандары Қазақстандағы алғашқы қайта тиеу кранын құрастырып шықты
  • ERG Педра-де-Ферро темір кені кәсіпорнын коммерциялық пайдалануды бастады және Порто Сул портының құрылысына кірісті
  • ERG Supplier Award байқауы қорытындыланып, беделді халықаралық өнеркәсіп тобының марапаттары қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп жабдығын өндірушілер, қызмет ұсынушылар мен қаржылық серіктестеріне бұйырды