«Business & Technology Services» ЖШС

Business & Technology Services» (BTS) ЖШС – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші және әртараптандырылған компаниялардың бірі -ERG құрамына кіретін жылдам дамып келе жатқан кәсіби АТ-командасы. Компания 2009 жылы құрылған. BTS жобалар портфелінде салалық шешімдердің кең ауқымы, ірі жобаларды әзірлеу мен сүйемелдеудің елеулі тәжірибесі бар. Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ERG кеңселерінің қызметкерлері де, өндірістік персоналы да BTS-тің АТ-қызметтерін пайдаланушылар болып табылады.

Бас директоры

Мағауия Қызайбайұлы Сқақов

Қызметтің бағыттары:

  • заманауи технологияларды және үздік салалық тәжірибелерді қолдана отырып, ERG кәсіпорындарының бизнес-процестерін цифрландыру;
  • тұжырымдамалық және техникалық дизайн, кәсіпорынды басқару жүйелерін (ERP) енгізу және қолдау;
  • кез келген күрделіліктегі IT-инфрақұрылымды жобалау және енгізу;
  • бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және қолдау;
  • бизнестің тиімділігін жақсарту бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету.

 

Құзырет орталықтары:

  • SAP экожүйесі;
  • Өндірістік жүйелер (MES);
  • Өнеркәсіптік жасанды интеллект (ЖИ) және процестерді роботтандыру;
  • Корпоративтік бизнес-жүйелер;
  • Мобильді қосымшалар мен сервистер.

BTS сандармен:

  • 5 құзыреттілік орталығы;
  • 1000-нан астам қызметкерлер
  • 30 + ірі жобалар мен енгізулер
  • АТ-өнімдері мен қызметтердің 60 000 пайдаланушысы
  • 24/7 қолдауы бар 9 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын

Компания ресми түрде Customer Center of Expertise (сараптама орталығы) ретінде SAP сертификатталған

Business and Technology Services ЖШС

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарайшық даңғылы, 11, Индекс 010000

Кеңсе
8 (7172) 61 29 92

Кадрлар бөлімі
8 (7172) 61 29 93

E-mail info.bts@erg.kz