Компания тарихы

Тәрбиеленушілер үшін билеттер

  • «SOS балалар ауылдарының» тәрбиеленушілері үшін VII қысқы Азия ойындарына билеттер алынды.

1,7 миллион тонна

  • «Қазақстан алюминийі» АҚ жылына өндірістік қуаттылығы 1,7 миллион тонна құрайтын алюминий тотығы өндірісіне шықты.

Алтын Журек

  • Еуразиялық Топ «Жыл меценаты» номинациясында «Алтын Жүрек» сыйлығына ие болды.

Жыл жобасы

  • «Қазром»ТҰК» АҚ KIOSH-2011 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі бірінші Қазақстандық халықаралық конференциясы және көрмесінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жыл жобасы» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Қауіпсіз кәсіпорын

  • Қазақстан электролиз зауыты KIOSH-2011 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі бірінші Қазақстандық халықаралық конференциясы және көрмесі шеңберінде «Сенім» ұлттық салалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» деп танылды.

17-ші технологиялық секция

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ССКӨБ-нің фабрика кешенінде 17-ші технологиялық секцияны іске қосты.

Стадион

  • Рудный қаласында «Горняк» ЖСК стадионының қайта құрылуы аяқталды..

Электр станция

  • «Шұбаркөл көмір» АҚ-да пайдаға жаратылған кокс газында қуаттылығы 2 МВт құрайтын электр станциясы іске қосылды.

Екінші энергоблок

  • «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының екінші энергоблогы іске қосылды.

Үздік рационализаторлар

  • Қазақстан электролиз зауыты рационализаторлық қосымшалардың республикалық «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауының, «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» аталымында жеңіске жетті.