Компания тарихы

Қаңтар

  • Кәсіпорынның 75 жылдық мерейтойына орай «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мерейтойлық балқыту жасалды.
  • «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті.
  • Ақсу ферроқорытпа зауытына вагондарды жіпсітетін айрықша жабдық орнатылды.
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы жаңа карьерді игере бастады.

Ақпан

  • Қазақстан электролиз зауыты сұйық алюминийдің алғашқы легін «Гисенхаус» ЖШС-іне жөнелтті.
  • «Баянтау» спорт кешенінде ERG-дің Қазақстандағы барлық кәсіпорындары қызметкерлері арасындағы қазақ күресінен кезекті «ERG Барысы-2018» турнирі өтті.
  • Павлодарда ERG тарихындағы алғашқы Бригадирлер слеті өтті.

Наурыз

  • ERG мен ПАО Сбербанк несиелік борыштың үстемақын төмендету туралы Келісім шарт жасасты.
  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Өндірістік жөндеу құрылымының ұжымы өнімнің жаңа түрі – суландыру ыдысын жасай бастады.
  • ERG-дің қолдауымен Павлодарда «IZDEU-2018» атты іздестіру жасақтарының І Халықаралық форумы өтті.

Сәуір

  • ССКӨБ базасында ERG жабдықтарының I сенімділік конференциясы өтті.
  • ERG «Әлемді өзгертер инженер» атты жаңа әлеуметтік жобаны қолға алды.
  • «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты қорытпаның мерейлі 35 миллионыншы тоннасын балқытты.
  • ERG «3-Энергоорталық» АҚ акцияларын сатып алды.
  • ERG "3-Энергоорталық" АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

Мамыр

  • «Қазхром» ТҰК» АҚ 2017 жылы хром кені мен ферроқорытпалардың рекордтық көлемін өндіргенін хабарлады.

Маусым

  • ССКӨБ-тің «Ақылды кеніш» жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды.
  • Кеншілер күні қарсаңында «Шығыс-2» алабынан көмірдің алғашқы миллионыншы тоннасы өндірілді.
  • ERG Астанада өткен 25-інші Дүниежүзілік Тау-Кен Конгресінің бас серіктесі атанды.
  • Еуразиялық Топ (ERG) пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау ісіндегі әріптестік пен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Шілде

  • Eurasian Resources Group қызметі нәтижелерінің жақсаруына байланысты S&P оның рейтингін «B» деңгейіне көтеріп, «оң» деген болжам жасады.
  • Астананың 20-жылдығы мен Ақсу электр станциясының 50-жылдығына орай Ақсу қаласында Еуразиялық Топтың тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынған бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
  • Astana Finance Days шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» АҚ мен Еуразиялық Топ (ERG) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Магнитогор металлургия комбинаты (ММК) 2017 жылдың қорытындысы бойынша ERG-ді «Темір кені шикізаты» аталымында «Үздік жеткізуші» деп танып, арнайы Құрмет дипломын табыс етті.
  • Қазақстан қара металургиясының тұңғышы – «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқортпа зауыты 75 жылдық мерейтойын атап өтті.

Тамыз

  • Moody's рейтинг агенттігі Eurasian Resources Group-тің несиелік рейтингін жоғарылату жағына қайта қарады, болжам оң.
  • ERG Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol мыс-кобальт жобасын электр энергиямен 10 жылға қамтамасыз етті.
  • Рудныйда ERG-дің ІІ Спартакиадасы өз мәресіне жетті.
  • Астанада Еуразиялық Топтың қаржылай қолдауымен салынған «Бейбітшілік қабырғасы» мемориалы ашылды.

Қыркүйек

  • Қазақстан мектептерінде ERG-дің қолдауымен 10 STEM-зертхана ашылды. Алматыда Еуразиялық Топтың «Шеберлер елі» байқауының аясындағы ERG Арт-фестивалі өтті.
  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінде жобалық қуаты жылына 10 миллион текше метр аршылым жасауға мүмкіндік беретін жаңа кешен өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Ақтөбеде өткізілген «Анаға тағзым» атты бірінші республикалық әйелдер Слеті аясында «Қазхром»ТҰК» АҚ-ы «Жұмыс істейтін аналар үшін ең үздік кәсіпорын» байқауының жеңімпазы атанды.
  • Рудный, Хромтау мен Ақсу қалаларында тұңғыш рет бір мезетте ERG Run Fest өтті.
  • Қазақстан даму банкі «ЕЭК» АҚ-ына 8 жылға жалпы көлемі 360 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие желісін ашты.
  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ металлургтері глиноземның мерейлі 60-миллионыншы тоннасын шығарды.
  • Қазақстан даму банкі «ЕЭК» АҚ-ына 8 жылға жалпы көлемі 360 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие желісін ашты.

  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ металлургтері глиноземның мерейлі 60-миллионыншы тоннасын шығарды.

Қазан

  • Eurasian Resources Group Нью-Йоркте өткен орнықты даму жөніндегі қос ірі конференцияда кобальттің жауапты жеткізілімдері стратегиясын таныстырды.
  • SAP ERP тұғырнамасында ERG Тобы кәсіпорындарына арналған ERP жүйесін құру» жобасы SAP Value Award 2018 бизнес-марапатының «Цифрлы трансформация көшбасшысы» аталымында жеңіске жетті.
  • Honeywell мен ERG компаниялары халықаралық қызметі ауқымында тиімділікті арттыру үшін сандық технологиялар саласында өзара әріптестікті дамытуға ниетті екені туралы келісімге қол қойды.
  • Еуразиялық Топтың құрама командасы WorldSkills стандарттары бойынша Екатеринбург (РФ) қаласында өткен ашық Еуразия чемпионатында үш күміс жүлдені олжалады. Айтулы сын алғаш рет WordSkills Hi-Tech ұлттық чемпионаты аясында ұйымдастырылған болатын.

Қараша

  • Астанада ERG-дің жыл сайынғы III Инноваторлар Форумы өтті. Форум тақырыбы мен онда талқыланған басты пікірталас – «Цифрлы дәуірдегі үнемді өндіріс».
  • ERG-дің алюминий дивизионының қос кәсіпорны – «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкерлерінен жасақталған «Майдан жолы» іздеу зерттеу жасағы 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
  • Eurasian Resources Group КДР-да мыс өндіретін Frontier Mine кәсіпорнын кепілдендірілген электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз етті.
  • Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың алғашқы кезеңі басталды.

Желтоқсан

  • Кен өндіру саласының Токиода өткен ауқымды саммитінде Eurasian Resources Group төртінші өнеркәсіптік төңкерістегі металдардың рөлі туралы толымды ақпарат ұсынды.
  • ССКӨБ-тің әлеуметтік жобалары «Жомарт жүрек» мемлекеттік марапатына лайық деп танылды.
  • Қазақстан энергетикасының көшбасшысы – Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
  • «Қазақстан алюминий» АҚ атмосфералық ауа мониторингін іске қосты.
  • Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ бүгін «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының аталымында жеңімпаз атанды. 19 мыңнан астам адам жұмыс жасайтын компанияға «Үздік ұжымдық шарт» аталымындағы жоғары марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев табыстады.
  • Eurasian Resources Group КДР тау-кен өндіру саласында балалар еңбегін болдырмауға бағытталған “Children out of Mining” Pact бағдарламасын қолдайды.
  • ERG Ақтөбе мен Павлодар облыстарында жел мониторингіне кірісті.
  • ERG «Таза кобальт» бағдарламасын Metalkol RTR кәсіпорнында бастады.
  • "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері "Шығыс-2" жаңа алаңынан сегіз ай ішінде жеті миллион тонна көмір өндірді.