Компания туралы

Eurasian Resources Group (ERG) Әлемдегі ТМК көшбасшыларының бірі – бизнесін 4 құрлықта жүргізеді. ERG – құрылған ESG-бағдарламасы бар әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан жауапты компания.

Қазақстанда қызметін бастағаннан бері ERG Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңаларын құруға

$14,6 млрд астам бағыттады

ERG-дің Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялары

$1,1 млрд асып түсті



Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіріп, өңдейтін, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Топ Азия, Еуропа, Африка мен Америкада бизнес жүргізіп, өз өнімдерін әлемнің 40-тан астам еліне жеткізеді. Бүгінде 67 мың адам еңбек етіп жүрген ERG кәсіпорындары – өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ERG-дің негізгі акционері (40%) Қазақстан Республикасының Үкіметі. ERG-дің бас кеңсесі Люксембургте.

  • ERG – феррохром мен кобальт өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Әлемдік нарыққа ірі мыс жеткізуші. Еуразия кеңістігіндегі ірі темір кені мен алюминий өнімдерін жеткізуші. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында.
  • Еуразиялық Топтың қуатты кәсіпорындары: «Қазхром ТҰК», «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service Қазақстанда орналасқан. ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы.
  • Африкада ERG мыс пен кобальт кендерін, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Конго Демократиялық Республикасындағы Frontier кәсіпорны – ERG-дің мыс өндіруші басты зауыты. Ал осы өңірінде басқа компаниялардан ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған мыс және кобальт қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Metalkol кәсіпорны – әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілердің бірі және ірі мыс өндіруші саналады. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдер тізбегін Sabot атты арнайы көлік компаниясының көмегімен басқарады.
  • ERG Бразилияда Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру, Porto Sul теңіз порты мен FIOL құрлық аралық темір жолын біріктіретін кешенді BAMIN жобасын дамытып жатыр.

ERG-дің Қазақстандағы активтері



Компания жайлы презентацияны жүктеп алу

Компанияның миссиясы

Өзіміз айналысатын істе үздік болу. Өз құндылықтарымызға адал бола отырып, әлеммен бірге даму. Жер мен адамзаттың әлеуетін ұқыпты аша отырып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік, Бірлік, Тиімділік, Даму және Жауапкершілік деген құндылықтарымыз миссиямызды іске асыруға септеседі.

Бірлік
Қауіпсіздік
Жауапкершілік
Даму
Тиімділік

ERG Тобының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан толық үлесін бағалау 2013-2018 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЗЕРТТЕУ
PDF, 2 MB
ERG Тобының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау ERG ESIA 2019-2020
PDF, 65 MB
ERG тобының Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан толық үлесін бағалау 2021-2022 жылдардағы зерттеу
PDF, 2 MB