Компания тарихы

  • ERG мен Қазақстанның тұрғын үй компаниясы Еуразиялық Топ кәсіпорындары мамандарын қолжетімді баспанамен қамтудағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

  • ERG Аккумуляторлық батареялар секторының халықаралық альянсымен бірлесіп, Давос – 2023 форумында Батарея паспортының тұжырымдамасын сынақтан өткізу жұмыстары туралы жариялады.

  • ERG Сауд Арабиясы Корольдігінде жұмысын бастады және 2023 жылы осы елдегі барлау жұмыстарына 50 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.

  • ЕRG Қазақстанның жөндеу жұмыстары мен машина жасау активтерін орталықтандыру қамындағы ауқымды бағдарлама аясында «ССКӨБ» пен «Қашар кені» АҚ-ның Қостанай облысы Рудный қаласындағы жөндеу құрылымдары «ERG Service» ЖШС құрамына өтті.

  • Eurasian Resources Group көміртегі ізін төмендетуге қатысты ұстанатын қағидаттары мен осы бағытта өз мойнына алған міндеттемелерін жария етті.

  • ERG қолға алған бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында жеке Корпоративтік университетін ашты

  • Eurasian Resources Group компаниясының BAMIN кәсіпорны Бразилиядағы Pedra de Ferro кен орнынан өнім экспорттау туралы келісім жасасты.

  • Қазақстанда отандық геологиялық барлау саласына айрықша маңызды нысан – ERG GeoHub ашылды. Кешен керн материалдарын тіліп, сипаттап, сақтауға арналған.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауытында елдегі алғашқы өнеркәсіп туристік бағдар ашылды. 

  • ЕRG мен Ақтөбе облысының әкімдігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Хромтау қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдау туралы Меморандум жасасты.

  • ССКӨБ жаңа өнім – флюстенген шекемтастар шығаруға кірісті. 
    «ERG Service» ЖШС өз өнімдерін Ресей нарығына шығара бастады. 

  • ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында ERG қытайлық BaoWu Resources және Power Construction Corporation of China (Power China) компанияларымен келісімшарттар жасасты. 

  • «Qadam» үкіметтік емес ұйымы ERG-дің қаржылық қолдауымен Хромтауда жұмыссыз әйелдер мен жасөспірімдерге арналған тегін курстар ашты.

  • ERG алюминий дивизионының Павлодардағы кәсіпорындарына да өнеркәсіптік турын ашты. 

  • Халықаралық ICDA қауымдастығы «Хром индустриясының орнықты дамуы-2023» байқауының қорытындысы бойынша Eurasian Resources Group-ты «ESG – корпоративтік басқару» номинациясы бойынша үздік компания деп таныды.

  • Халықаралық әлеуметтік балалар бастамаларын дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Eurasian Resources Group ЮНЕСКО-ның құрметті серіктесі сертификатымен марапатталды.

  • ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық «Еуропалық менеджментті дамыту қоры» (EFMD) қауымдастығына мүше болды.

  • Ақсу ферроқорытпа зауыты автоматтандырылған бақылау жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіктік қолданысқа қосты.

  • ERG Абай облысындағы өрттің зардаптарын жоюға 300 млн. теңге бағыттады.

  • ERG Бразилия президентінің рұқсатымен Баия штатында жылына 60 миллион тонна жүк өткізетін FIOL темір жолының бірінші учаскесінің құрылысын бастады.

  • ERG Arabia Сауд Арабиясында геология бойынша үш жылдық магистратура бағдарламасын бастады.

  • Хромтауда шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасы іске қосылды.

  • ERG жастарды сәтті кәсіби бағдарлауға септесетін EduNavigator тұрғырнамасын мемлекет меншігіне тегін өткізді.

  • Ұлыбританияның аса ірі көлемдегі алаяқтықпен күрес Бюросы (SFO) ENRC компаниясына қатысты қолға алып, 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген тергеу жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

  • Дөң тау-кен байыту комбинаты 85 жылдығын атап өтті.

  • «Қазхром» ТҰК» АҚ Ecovadis ESG рейтингісінің Платина медалімен марапатталып, тағы бір мәрте ICDA-ның жауап хром өндірушісі белгісіне ие болды

  • ESGQ рейтинг агенттігінің деректері бойынша «ССКӨБ» АҚ қазақстандық ECS–рейтингке кірді.

  • ERG EVelution Energy компаниясымен АҚШ-та жоспарланған компанияның өңдеу зауытына кобальт жеткізу туралы бес жылдық келісім жасасты.

  • ERG мыс және кобальт өндіру үшін КДР-дегі COMIDE кәсіпорнында гидрометаллургиялық зауытының құрылысын бастады.

  • ERG жоғары сапалы кобальт өндіру үшін КДР-де байыту зауытын салады, BGRIMM қытайлық компаниясымен EPC келісімшарт жасасады.

  • ERG Қарағандыда И.А. Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына 400 млн теңге бағыттайды. 

  • Хромтауда ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының жаңа зертханасы ашылды. 

  • «Шұбаркөл көмір» АҚ спецкокс шығаратын жаңа зауытты таныстырды.

  • Дөң тау-кен байыту комбинатының №1 ұсатып, байыту фабрикасында шаң басу жүйесі іске қосылды.

  • Қазақстан электролиз зауытындағы анод күйдіру пеші күрделі жөнделіп, қайта іске қосылды.