Компания тарихы

220 кВ-тық ашық таратушы құрылғыны қайта қалпына келтіру

  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясы қайта қалпына келтірілген 220 кВт-тық ашық таратушы құрылғыны іске қосты.

Рудный ауруханасын жабдықтау

  • ERG-дің қаржылай қолдауымен Рудный қаласындағы балалар ауруханасының емделушілеріне заман талабына сай жабдықтар кешені сатып алынды.

Жаңа локомотив

  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр станциясының техникалық паркін жаңа отарба толықтырды.

Қазақстандық 100 мыңыншы анод

  • Қазақстан электролиз зауыты отандық анодтың 100 мың тонналық данасын өндіріп, миллионыншы анодты монтаждады.

Технологиялық үрдістерді автоматтандырылған басқару жүйесі

  • «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясында технологиялық үрдістерді автоматты басқарудың Қазақстанда теңдесі жоқ жүйесі енгізілді.

Жергілікті әкімдіктер және кәсіподақ ұйымдарымен жасалған меморандумдар

  • ERG Павлодар облысы әкімдігімен және кәсіподақ ұйымдарымен өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбекпен қамту және жұмысшылардың құқын қорғау мәселелерін қамтитын үшжақты меморандум жасасты.

«ЕВРАЗ ЗСМК» АҚ-на арналған кран

  • «ERG Service»АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты «ЕВРАЗ Западно-Сибирский металлургический комбинат»АҚ-на қос арқалығы бар көпірлі магнитті-грейферлік кран жеткізу туралы келісім шарт жасасты.

Жаңа өнімдер

  • Өнімнің «өзіндік құнын 10% төмендету» жобасы аясында «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «ССКӨБ» АҚ құйма қалыптар мен блюмстар өндірісін меңгерді.

Ерекше балаларға жаңа көлік

  • ERG-дің қаржылай қолдауымен Қарағандыдағы тірек қозғалыс аппаратында ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жаңа автокөлік сатып алынды.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдар

  • ERG мен Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктері арасында өзара әріптестік пен 2016 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

ҰКП және Қостанай облысы әкімдігімен арада жасалған меморандум

  • ERG, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысының әкімдігі Рудный халқын шағын несиелендіруді дамыту туралы уағдаласып, өзара әріптестік туралы меморандум жасасты.

Қазақстандық кокстан алынған алғашқы анод

  • Алғашқы зертханалық анод павлодарлық кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында Мемлекет басшысына табыс етілді.

ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасының кептіру легін жаңғырту

  • ССКӨБ-де кен дайындау және байыту фабрикасының кептіру желісін жаңғыртқан ауқымды жоба аяқталды.

Ресей бизнесі апталығының серіктесі

  • ERG Ресейдің өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы жыл сайын ұйымдастыратын Ресей бизнесі апталығы халықаралық форумының әріптесі мәртебесін алды.

XV-ші мерейтойлық Боао форума қатысу

  • ҚХР-ның Премьер-министрімен кездесуде ERG қытайлық әріптестерімен бірлесе іске асырылатын металлургиялық және инфрақұрылымдық жобаларын таныстырды.

ССКӨБ-де «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

  • «ССКӨБ» АҚ қойма шаруашылығы учаскесінің аға қоймашысы Елена Мұқашева SAP жүйесінде алғашқы символдық транзакцияны жүзеге асырды.

ПМЗ құрастырған кран «ВИЗ – Сталь» ЖШҚ іске қосылды

  • Суық илемдеу цехының өңдеу бөліміндегі агрегатқа қызмет көрсетуге арналған көпірлі кран ресейдің ірі кәсіпорындарының бірінде табысты жұмыс істеп тұр.

«ИТП» АКҚ-мен меморандум

  • VII-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы аясында ERG мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры арасында өзара түсіністік пен әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық үлесті дамыту туралы меморандум

  • ERG отандық тауар өндірушілермен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды.

KIOSH конференциясының серіктесі

  • Алтыншы KIOSH 2016 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік халықаралық форумы аясында ERG қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау акциясы

  • ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарында «Қауіпсіздік ережелерін бес саусағыңдай біл» атты ауқымды акция ұйымдастырылып, ол компанияның 61-мыңдық еңбек ұжымдарын қамтыды.

«Батырлар жолымен» жобасы

  • Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Волоколамск қаласынның мемориалдық жауынгерлер қорымында аты аңызға айналған И.В. Панфилов атындағы дивизияға ескерткіш орнатылды.

«Қазақстандықтар – Ұлы Жеңіс сарбаздары» атты кітап

  • ERG-дің демеушілігімен ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Астанада басылымның қос томының тұсауы кесілді.

Алюминий дивизионындағы «Стрела» бағдарламасы

  • «Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамдарында «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

ЕЭК сапа жүйесі аудитінен сәтті өтті

  • «ЕЭК» АҚ бөлімшелерінде халықаралық ISO 50001, ISO14001, OHSAS 18001 стандарттары талаптарына сәйестік және ISO 9001 ресертификациялық сыртқы қадағалау аудиті аяқталды.

Люсксембургтің Қытайдағы экономикалық миссиясына қатысу

  • Люксембургтің Қытайдағы экономикалық миссиясына ERG атынан бизнесті дамыту департаментінің директоры Шухрат Ибрагимов, Қытайдағы ERG өкілдігінің жетекшісі Юн Ван қатысты.

АЭФ-ке қатысу

  • ERG Бүкіләлемдік экономикалық форум және Боао Азиялық форумымен бірлесе отырып, Қазақстандағы Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты.

Октябрьский кентінде спорт зал ашылды

  • ERG-дің қаржылай қолдауымен аталған кентте «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ кеншілері мен тұрғындарға арналған жаңа нысан бой көтерді.

China Nonferrous пен келісім шарт жасалды

  • ERG мен China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd арасында Frontier кенішінен алынатын концентратты жеткізу туралы ұзақмерзімді стратегиялық келісім шартқа қол қойылды.

АММ-2016 қатысу

  • ERG дәстүрлі серіктес мәртебісінде VIII-ші халықаралық «Astana Mining & Metallurgy» конгресі мен көрмесіне қатысты.

ПХЭФ-2016 қатысу

  • ERG ХХ-шы Петербург халықаралық экономикалық форумының жұмысына белсенді ат салысты.

ҚР Ұлттық мұражайына тарту

  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ERG ҚР Ұлттық мұражайына «ҚР Ұлттық экономикасының негізі» атты көрмені сыйға тартты.

Рио-2016 Олимпиадасына қатысудың демеушісі

  • ERG-дің демеушілік қаражаты есебінен Риода қазақстандық баспасөз орталығы ұйымдастырылып, олимпиада ойындарына қатысып жатқан ұлттық құрамаға ақпараттық қолдау көрсетілді.

ВТБ мен Сбербанккеберешекті қайта қаржыландыру

  • ERG ВТБ және Сбербанкке берешегін 2020 жылға дейін әрі одан ары қайта қаржыландыру жөнінде келісім шарт жасасты.

«Керегетас» кенішінің мерейтойы

  • «Қазақстан алюминийі» АҚ Кергетас әктас кенішінің қызметкерлері кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанымен атап өтті.

ВТБ мен келісім шарт жасалды

  • ERG мен ВТБ Тобы алюминий жеткізілімдерін жалпы мөлшері 300 млн. еуро көлемінде 6 жылдық қаржыландыру туралы стратегиялық келісім шатқа қол қойылды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның жаңа өнімі

  • «Қазақстан алюминий» АҚ Павлодар алюминий «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қажеттіге жарайтын екі жақты қалыптар өндірісін меңгерді.

«Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлеріне арналған баспана

  • Батыс вахталық кентінде 120 орындық екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

ERG-дің алғашқы Спартакиадасы

  • ERG тарихындағы алғашқы корпоративтік Спартакиада ауқымды спорт мерекесі ретінде Ақсу қаласы тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады.

ССКӨБ жаңа өнімі

  • «ССКӨБ» жөндеу-механикалық зауыты жаңа өнім – «құйма қалақтарды» шығаруға көшті.

ПМЗ жаңа өнімі

  • «ERG Service» АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты өнімнің жаңа түрі – қос ілмегі бар V=2,3м3 шөміштерін шығара бастады.

«Спешиал Олимпикс» ҚБ қолдау

  • ERG «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған үстел теннисінен Республикалық турнирдің бас демеушісі болды.

ЕҚДБ мен келісім шарт жасалды

  • ERG мен ЕҚДБ жалпы көлемі 95 млн. долларға темір кенін жеткізуге қатысты 4 жылдық қаржыландыру жөнінде келісім шарт жасасты.

«Шұбаркөл көмір» АҚ-да «Стрела» бағдарламасы басталды

  • «Шұбаркөл көмір» АҚ-да «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

Сбербанк ЖАҚ мен жаңа келісім шарт жасалды

  • Қос елдің мемлекет басшылары қатысқан XIII Қазақстан мен Ресей шекаралық әріптестік Форумы аясында ERG мен Сбербанк ЖАҚ берешекке қызмет көрсету шарттарын жақсартатын келісім шартқа қол қойды.

«Алтын қор» байқауы

  • Қазақстанның он қаласында орналасқан ERG-дің 8 кәсіпорнында еңбек етіп жүрген шеберлер арасынан өз кәсібінің үздіктері Павлодар қаласында анықталды.

«Фламинго» фестивалі

  • Демеуші ретінде ERG жыл сайын Қорғалжын қорығы ұйымдастырған «Фламинго-2016» фестиваліне қолдау көрсетті.

BAMIN жобасы

  • Рио-де-Жанейро қаласында өткен 24-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресінде ERG BAMIN жобасын игерудің жоспарын таныстырды.

ERG Коммерциялық орталығы

  • ERG-дің транформациясы аясында Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, маркетинг пен сатып алулар саласындағы қызметінің тиімділігін арттыра түспек. Ол үшін компанияда жаңа құрылым – «ERG Коммерциялық орталығы» ЖШС құрылды.

ДТКБК оқпандары

  • «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасындағы «Клетьевой» және «Вентиляционный» оқпандары түйісті.

«Қазхром» сертификаттау

  • «Қазхром»ТҰК» Қазақстанда бірінші болып контейнерлерді өлшеу мен сертификат беру құқығына ие болды.

ERG-дің Инноваторлар форумы

  • Еуразиялық Топтың алғашқы Инноваторлар форумы өтіп, оған IT-мамандары мен менеджерлерден құралған 200-ге тарта озық ойлы қызметкер қатысты.

Жаңа ӘТК

  • «Қазақстан алюминийі» АҚ құрылымындағы Краснооктябрь боксит кен басқармасының Аят кенішінде заман талабына сай әкімшілік-тұрмыстық кешен ашылды.

«Алтын сапа» марапаты

  • ҚЭЗ ҚР Президентінің «Алтын сапа» – «Сапа көшбасшысы» арнайы марапатының иегері атанды.

Екібастұздағы балабақша

  • ERG-дің қаржылай қолдауымен Екібастұзда жаңа балабақша ашылды.

Ақсуға жаңа корт

  • Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ERG Ақсу қаласы тұрғындарына жаңа жабық хоккей кортын сыйға тартты.

ЕЭК мерейтойы

  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

Шеберлер елі

  • Еңбек адамы туралы жазылған үздік ән мен сериалға арналған үздік әңгіме авторлары Астанада марапатталды. «Шеберлер елі» байқауы Қазақстан жазушылар Одағымен бірлесіп, осымен төртінші мәрте ұйымдастырылды.

ММК-мен уағдаластық

  • ERG мен ММК темір кенін жеткізу туралы стратегиялық келісім шарт жасасты.