12 Қазан 2026

kase.kz 29 09 2026 – ERG кейсі: ОДМ-ға қол жеткізуді басқаруды қызметті басқару жүйесіне интеграциялау

Орнықты даму мақсаттарын ERG корпоративтік күн тəртібіне интеграциялау 2019 жылы басталып — БҰҰ ОДМ ұлттық деңгейде белсенді түрде бейімделіп, интеграцияланған кезеңде жүйелі түрде дамып келеді. Ұлттық даму жоспарларында, мемлекеттік саясатта жəне реттеуші талаптарда қамтылған ОДМ бойынша мемлекеттік басымдықтар ERG үшін сыртқы бағдарлар шеңберін қалыптастырды.

ОДМ-мен байланысты басымдықтардың екінші деңгейін Компания бизнес ерекшелігіне қарай айқындайды. Бұл деңгейде ОДМ елеулі əсерлер мен бизнес басымдықтарын орнықты дамудың неғұрлым ауқымды міндеттерімен сəйкестендіру үшін жалпы шеңбер ретінде пайдаланылады. Топ қызметінің сипаты: жұмыспен қамту жəне аумақтарды дамыту, адамдардың қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық теңгерім жəне жеткізу тізбектері секілді аспектілерді қамтитын əсерлердің кең ауқымын қалыптастырады. Бірінші жəне екінші деңгейдегі басымдықтар Топтың 2030 жылға дейінгі кезеңге қабылданған ESG-мақсаттарында көрініс тапты. ERG қайта ұйымдастырылғаннан жəне қазақстандық активтер жеке басқару контурына бөлінгеннен кейін, 2023 жылы Қазақстандағы ERG үшін жаңартылған ESG-мақсаттар бекітілді. Мақсаттар төрт негізгі бағытты қамтиды: • Су, шығарындылар, қалдықтар, биоалуантүрлілік, климаттың өзгеруі негізгі мəнге ие болатын қоршаған ортаға əсерді азайту;

Жұмыскерлердің əл-ауқатына жəне ұжымның əралуандығына, жұмыскерлердің денсаулығына қамқорлық жасау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету арқылы бақытты, əралуан жəне салауатты ұжым қалыптастыру; • Өңірлердің əл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғамдастықтар мен қызмет жүргізетін өңірлерді дамыту; • Іскерлік əдеп пен жауапты жеткізу тізбектерін қоса алғанда, бизнесті жүргізу стандарттарындағы көшбасшылық. 2024 жылы ERG Менеджерлер кеңесі Қазақстандағы ERG-дің 2027 жылға дейінгі жаңа орта мерзімді стратегиясын қабылдады. Онда негізгі басымдықтар ретінде: қаржылық тұрақтылықты арттыру, негізгі өндірістік активтерге басымдықпен назар аудару, өндірісті ұлғайту жəне тиімділікті арттыру, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру белгіленген. ERGдің 2027 жылға дейінгі стратегиясы шеңберінде əлеуметтік жауапкершілік, адамдар мен активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық талаптарды сақтау жəне жауапты жеткізу тізбектері Топтың неғұрлым басым мақсаттарының бірі болып қала береді. Осылайша, стратегиялық деңгейде орнықты даму саласындағы басымдықтар бизнесстратегияға интеграцияланған.

ESG-мақсаттар өлшенбелі НТКге айналады

ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Кудрəт Шамиев: «Біз үшін орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосатын үлес бүкіл Қазақстанның өнеркəсібі мен экономикасының ұзақ мерзімді дамуымен байланысты. ERG өндірісін жаңғырту, экологиялық тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру, адами капиталды дамыту жəне қызмет жүргізетін өңірлерді қолдау ERG кəсіпорындарының бəсекеге қабілеттілігін бір мезгілде нығайтуға жəне бүкіл ел үшін ұзақ мерзімді құндылық жасауға мүмкіндік береді.»

2026 жылы ERG Kazakhstan 2030 жылға дейін қабылданған отызға жуық ESG-мақсатқа баса назар аударады, олардың əрқайсысы бойынша жыл сайынғы негізгі тиімділік көрсеткіштері (НТК) айқындалған. Мысалы, экологиялық бағытта 2030 жылға қарай 2019 жылмен салыстырғанда қатты бөлшектер шығарындыларын 56%-ға қысқарту мақсаты белгіленген. Климат бөлігінде 2035 жылға қарай 2021 жылмен салыстырғанда алюминийдің, жоғары көміртекті феррохромның жəне темір кені шекемтастарының көміртегі ізін 30%-ға төмен-дету (Scope 1 жəне 2), сондай-ақ 2030 жылға қарай электр энергиясын тұтынуда ЖЭК пен төмен көміртекті көздердің үлесін 15%-ға дейін ұлғайту көзделген. Еңбекті қорғау жəне өнеркəсіп қауіпсіздігі (ЕҚ жəне ӨҚ) бағытында «өлім жағдайын мүлдем болдырмау» мақсаты жəне 2030 жылға қарай LTIFR нысаналы көрсеткішін 0,59-дан аспайтын деңгейге дейін төмендету көзделген. Қызмет жүргізетін өңірлерді дамыту үшін тұрғындардың ERG-дің аумақтың əлеуметтік дамуына қосқан үлесін оң бағалау көрсеткіші кемінде 60% деңгейінде белгіленген. Əрбір НТК бойынша жыл сайынғы нысаналы мəндер белгіленген, бұл 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі ілгерілеуге мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Мақсатқа байланысты НТК-ні өлшеудің əртүрлі тəсілдері қолданылады: біреулері орындалған іс-шаралардың нəтижесі мен қамтуды, басқалары – орта мерзімді нəтижелер мен ұзақ мерзімді əсерлерді көрсетеді.

дереккөзі