01 Маусым 2026

Қазхром қызметкерлерінің үш мыңға жуық баласы биылғы жазда сауықтыру лагерлерінде демалады

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ кәсіпорындарында жазғы маусымға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Өңірлерге байланысты қызметкерлердің балалары компанияның жеке лагерлерінде, сондай-ақ жекеменшік сауықтыру орталықтарында да демала алады. Әдеттегідей, жолдаманың негізгі шығынын Қазхром және кәсіподақ ұйымдары өтейді. Ал ата-аналар оның тек 10 пайызын ғана төлейді. Осы мақсатқа 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

– Біз ата-аналар үшін балалардың жазғы демалысты қауіпсіз әрі жайлы ортада толыққанды өткізуі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан компания балалар демалысын ұйымдастыруды дәстүрлі түрде қолдап келеді. Бұл біз үшін жай ғана әлеуметтік бағдарлама емес, ұжым алдындағы корпоративтік мәдениет пен жауапкершіліктің бір бөлігі, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

Дөң тау-кен байыту комбинаты мен Ақсу ферроқорытпа зауытында өздерінің балаларды сауықтыру орталықтары жұмыс істейді. Ал Хромтаудағы балаларды «Мұғалжар» лагері қабылдайды. Жаңа маусым қарсаңында мұнда корпустар жөнделіп, жаңа кеспекше тас төселді, балалар демалатын самалжайлар жаңартылды. Сондай-ақ бұл жердегі жазғы кинотеатрға фильм көруге арналған LED-экран орнату жоспарланып отыр.

Ақсуда балалардың жазғы демалысы Беловка ауылындағы «Мечта» лагерінде өтеді. Мұнда негізгі корпус пен үш жатын ғимаратында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілер тексерістен өтті. Сонымен қатар спорт және ойын алаңдары, демалыс аймақтары жаңартылды. Балаларға ерекше сыйлықтың бірі – негізгі корпустың акт залында орнатылған үлкен LED-экран болмақ.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Қазмарганец» кен басқармасы мен басқару аппаратының қызметкерлері үшін қолдаудың өзге форматы қарастырылған: ата-аналар балалар лагерін өздері таңдайды, ал компания жұмсалған шығынның 90 пайызын өтейді. Өтемақы көлемі 22 АЕК-тен аспауы тиіс.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда