ERG Digital Almaty 2024-те цифрлық жобаларды ұсынды

ERG топ-менеджерлері мен сарапшылары Digital Almaty 2024 халықаралық форумына қатысты. Панельдік сессияларда Топ спикерлері өндірісті цифрландыру тәжірибесі туралы айтып, көрмеде бес елдің үкімет басшыларына өз әзірлемелерін таныстырды.

ERG топ-менеджерлері мен сарапшылары Digital Almaty 2024 халықаралық форумына қатысты. Панельдік сессияларда Топ спикерлері өндірісті цифрландыру тәжірибесі туралы айтып, көрмеде бес елдің үкімет басшыларына өз әзірлемелерін таныстырды.

ERG-дің цифрлық трансформация тәжірибесі

Форумның басты панельдік сессиясында Еуразиялық Топтың бас директоры Серік Шахажанов ERG-дің цифрлық трансформациясы – тұрақтылық пен өсудің басты факторларының бірі екендігін атап өтті.

-   Топ тек соңғы үш жылда цифрлық жобаларға 120 млн доллар инвестиция құйды. 2027 жылға дейін тағы 200 млн доллар бағыттау жоспарланды. Нәтижесінде біз Топтың EBITDA көрсеткіші жылына 10% - 150 млн долларға дейін өседі деген үміттеміз, - деп атап өтті Серік Шахажанов. - Топтың барлық цифрлық жобалары біздің ІТ-компаниямыз – BTS  мамандарының күшімен жасалады. Бұл салыстырмалы түрде төмен шығындарды және біздің кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қарай икемдеуді қамтамасыз етеді.

Спикердің айтуынша, роботтандыру жөніндегі Топтың жедел жобасы - «Шығыс» көмір кенішіндегі жүргізушісіз жүкті өзі түсіретін көлікке көшу. 2023 жылдың соңында мұнда бір жүкті өзі түсіретін көлік тәжірибеде сыналды. Жыл соңына қарай олар үшеу болуы тиіс.

Жүргізушісіз жүріп, жүкті өзі түсіретін көліктер басқару орталығынан қашықтық режимінде техниканы басқару мүмкіндігімен диспетчерлердің (бұрынғы жүргізушілердің) бақылауымен дербес тәртіпте бөлінген учаскеде қозғалатын болады.

- Болашақта біз жобаны барлық қималарымызға таратуды жоспарлап отырмыз, - деді Серік Шахажанов. – Осылайша, мысалы, Қостанай облысындағы Қашар карьеріміз 2027 жылға қарай толық цифрландырылатын болады. Тау-кен көлік кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесіне жүргізушісіз жүретін техника да қосылады. Карьерде  осындай өзі жүріп, жүкті өзі түсіретін 52 көлік жұмыс істейді және 115 млн тонна тау массасы тасымалданады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жобаны өнеркәсіптікте пайдалану үшін оны кейіннен роботтандыруға жаңғыртылған техниканы сертификаттауды да, өндірісте жүргізушісіз көлік құралдарын пайдалануды да айқындайтын нормативтік-құқықтық базаның болмауына байланысты бірқатар жүйелік міндеттерді шешу қажет. ERG Қазақстанда ұшқышсыз техниканың табысты жұмыс істеуі үшін мемлекетпен бірлесіп барлық реттеуші нормаларды пысықтауға арналған алаң болуға дайын. 

Жер қойнауын пайдаланушылар көрмесі

Көрме шеңберінде ERG стендін тамашалауға бес елдің үкімет басшылары келді –  Ресей, Белоруссия, Қырғыз Республикасы, Қазақстан және Өзбекстан. ERG-дің ІТ жөніндегі корпоративтік директоры Еркен Шыназбаев және BTS бас директоры Мағауия Сқақов мәртебелі қонақтарға MES Metallurgy өндірісін жедел басқару жүйесін таныстырды.

- MES балқытушыларға өндіріс процесін бақылауға, 7000-нан астам бастапқы параметрлер негізінде «мұнда және тап қазір» жағдайын тез бағалауға септеседі, олардың көпшілігі автоматты түрде тікелей түседі, - деді Еркен Шыназбаев. – Оған жасанды интеллект негізіндегі сандық көмекші - «Алина» MES кіреді. MES жүйесінің экрандары мен есептерін айқындап, сонымен қатар пайдаланушының сұранысы бойынша аппараттық құралдардан кейбір сипаттамалардың мәндрін алады. Қазір цифрлық ассистентті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері қолданып жүр. Жалпы MES жүйесі 2025 жылы Топтың барлық нысандарында енгізіледі.

Сонымен қатар, көрмеде qollab платформасы және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ұсынылды.

ERG корпоративтік қосымшасы қызметкерлер саны мен процестері Топтың кәсіпорындарына ұқсас ірі ТМК мен мұнай компаниялары өкілдерін қызықтырды.

Қаңтарда SmartERG корпоративтік мессенджері қызметкердің сандық бейініне - qollab қосымшасы болып түрлендірілді. Ол 60 мың еуразиялықтар үшін қолжетімді. Қосымша корпоративтік порталды, өндірістік және кеңсе міндеттерін орындау үшін жұмыс аймағын, ішкі әлеуметтік желіні, жеке кабинетті біріктіреді. Бүгінгі таңда qollab-та жұмыс пен дамуға арналған 100-ден астам қызмет бар.

ІТ-шешімдер ЕRG-дің еуропалық экологиялық нормалар мен заңнама талаптарына сәйкес келуіне қалай септеседі?

Бұл туралы Digital Almaty2024-те ERG-дің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры Талғат Төребеков айтты.

ERG-дің ІТ-командасы Экология және диджитал стратегиясының бір тармағы ретінде ластаушы заттарды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату ісінде бұрын-соңды болмаған ауқымды жобаны жүзеге асырды. Бірінші кезеңде ол Ақсу, Павлодар, Ақтөбе және Хромтау қалаларындағы Топ кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының шекараларына орнатылды. Жобаның бірінші кезеңіне құйылған инвестиция – 1,3 млрд. теңге.

Екінші – бағдарламаның ауқымды кезеңі – эмиссия көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату. Ол 58 шығарынды көздерін және ERG-дің тоғыз кәсіпорнының 3 шығарынды көзін қамтиды. Эмиссия көздерінде МАЖ орнатуға құйылған инвестиция – 16 млрд. теңге.

ERG цифрлық экономиканың сын-қатерлерін қалай еңсереді?

Business and Technology Services бас директоры Мағауия Сқақов «Цифрлық экономикаға инвестициялар» атты панельдік сессиясы аясында ERG-дің цифрлық экономиканың сын-қатерлерін қалай еңсеріп келе жатқанын атты. Ең өзектілерінің қатарында:

№1 сын-қатер: өндіріс пен кәсіпорындарды цифрландыру (көбі 50 жыл бұрын салынғын).

- Біз қазір барлық активтерімізді цифрландырып жатырмыз. Бұл гипотезаларды тезірек тексеруге, нақты уақыттағы процестер туралы сенімді мәліметтер алуға және осылайша қабылданған шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті спикер. – Мысалы, біз келесі деңгейге шығуға сеп болар ТПБАЖ жүйелерінің деректер қоймасын құрдық – өндірісте цифрлық кеңесшілерді енгізу.

№2 сын-қатер: цифрлық сауда мен маркетингке көшу.

Бұл сын-қатер мен трендке жауап ретінде ТМК секторында алғашқы отандық онлайн-нарық құрып, іске қосылды. Marketplace ERG мамандарына келесі құралдыарды тез және ыңғайлы сатып алуға мүмкіндік береді: шығын материалдары; құралдар; қосалқы бөлшектер; кеңсе тауарлары.

 №3 сын-қатер: түрлі ІТ-жүйелерді біріктіру.

 Бұл тұрғыда «Көлденең мониторинг» жобасы – сәтті кейс. ІТ-командасы көлденең мониторинг шеңберінде салық органымен кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жүргізу үшін, оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС) бойынша Топ кәсіпорындарында Деректер сөресін әзірледі және енгізді.

Бұл бізге тау-кен бөлімшелеріндегі электронды құжат айналымын цифрландыру және автоматтандыру пайдасына «қағаздан» мүмкіндігінше бас тартуға және ПҚӨС есебін автоматтандыруға мүмкіндік берді.