Сәтжан Темірғалиев

Бас директордың стратегия және трансформация жөніндегі орынбасары

Сәтжан Нұрланұлының ірі өнеркәсіп және тау-кен компанияларындағы қаржыны басқару, стратегиялық даму және трансформация салаларында тәжірибесі толыққан. Оның 14 жылы ERG құрылымдарындағы қызметке арналды.

2018-2023 жылдар аралығында Сатжан Нұрланұлы Топтың Бас қаржы директоры (Group CFO) қызметін атқарды. Осы кезеңде ол қаржылық есептіліктің ашықтығын арттыру, шығындарды оңтайландыру және ERG кәсіпорындары қызмет ететін барлық өңірлерде басқару мен болжаудың озық құралдарын енгізу қамындағы кең ауқымды бағдарламаларды басқарды.

Бұған дейін Сәтжан Нұрланұлы Топтың әртүрлі бөлімшелерінде бірқатар басшылық қызметтер атқарған. 2014–2016 жылдары экономика, қаржы және бизнесті трансформациялау жөніндегі вице-президент ретінде ол SAP ERP жүйесін енгізу, бизнес-процестерді цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ «ССКӨБ» АҚ-ның бизнес-трансформациясын басқарды.

2025 жылдың ақпан айында Сәтжан Нұрланұлы қайтадан Топ командасына қосылып, «ССКӨБ» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі директоры болды. Бұл қызметте ол кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін тұрақтандыруға және Темір дивизионының ірі инвестициялық жобаларын іске асыруға дайындыққа баса назар аударды.

Сәтжан Нұрланұлы Түркияның Анкара қаласындағы Хажеттепе университетінде экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған. Ол – АҚШ-тың сертификатталған кәсіби бухгалтері (CPA), Америка сертификатталған кәсіби бухгалтерлер институтының (AICPA) және Ұлыбритания Директорлар институтының (Institute of Directors) мүшесі.

Бұл қызметке Сәтжан Темірғалиевтің тағайындалуы ERG-дің стратегиялық жоспарлау, бизнес-жүейлерін дамыту мен операциондық тиімділікті арттыру бағыттарына ерекше екпін түсіріп отырғанын паш етіп тұр.