Саят Кенжетайұлы Абжанов «Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасының директоры болып тағайындалды. Еңбек ұжымына жаңа басшыны «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директорының технология және операциондық қызмет жөніндегі орынбасары Олжас Рахметов пен «Қазақстан алюминийі» АҚ Бас директоры Владимир Красноярский таныстырды.
Саят Абжановқа кен басқармасын дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері жүктеліп отыр. Оның тау-кен өндіру ісіндегі тәжірибесі толысқан.
Еңбек жолын 2006 жылы «Шұбаркөл көмір» АҚ-да 2-ші санатты кенші болып бастаған. Өндіріс қызметінің маманы болып бастап, ол кейін учаскелік және жетекші маркшейдер, вахта басшысы, тау-кен цехының жетекшісі, тау-кен өндірісі қызметінің жетекшісі сынды қызметтерді абыроймен атқарған.
2023 жылы Саят Абжанов «Шұбаркөл көмір» АҚ Бас инженері – операциондық директоры болып тағайындалып, бүгінге дейін табысты еңбек етті.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еселі еңбегі үшін Саят Абжанов ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы», II дәрежелі «Шахтер даңқы» II төсбелгілерімен марапатталған.
КБКБ ұжымына ол өндірістік тапсырмаларды тиянақты атқарудағы өзіне жүктелген жауапкершілікті айқын сезінетінін айтып, жұмыла жұмыс істеп, бірлесе атқарар бастамалары көп екеніне тоқталды.
– Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Мен осы ұжымдағы команданың мықты, ұйымшыл екенін білемін. Сондықтан қолымыздан көп іс келеріне кәміл сенімдімін. Әрқайсыңыздан конструктивті серіктестік, кәсіби біліктілік пен қолдау болатынына сенемін, – деді Саят Абжанов.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда