07 Қазан 2026

Қашарға арналған жасыл қалқан: кеншілер мен мектеп оқушылары 10 мың ағаш екті

Қостанай облысындағы Қашар кентінің айналасында жаңа жасыл белдеу жапырақ жаяды. ERG құрамындағы «Қашар кені» АҚ кеншілері жергілікті мектеп оқушыларымен бірге кентке іргелес аумақта және кәсіпорынның өндірістік алаңында 10 мың көшет екті. Көгалдандыру жұмыстары жалпы көлемі 4 гектар аумақты қамтыды.

Акция – ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының бір тармағы. Мұнда негізінен пирамидалық терек пен үйеңкі егілді. Экологтардың бағалауы бойынша, бұл ағаштар жергілікті климат жағдайларына жақсы бейімделген және жерсіну деңгейі жоғары. Көшеттер күтім қарастырылған: көшеттер жақсы өсіп,тамыр жайып кетуі үшін үш жыл бойы тұрақты суару және қажетті күтім қамтамасыз етіледі.

– Біздің кәсіпорын үшін экологиялық жауапкершілік пен туған кентке қамқорлық – сөзсіз басымдық. Бүгін ұжымға өсіп келе жатқан ұрпақ – біздің мектеп оқушыларымыздың қосылғаны ерекше құнды. Бірге біз кентті көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырамыз, – деп атап өтті «Қашар кені» АҚ бас директоры Георгий Литовченко.

Мектеп оқушылары үшін акцияға қатысу кентті көгалдандыруға көмектесіп қана қоймай, қоршаған орта туралы тәжірибе жүзінде көбірек білуге мүмкіндік берді.

– Балаларға өз еңбегінің нәтижесін көру аса маңызды. Бүгін олар кішкентай көшеттер екті. Ал бірнеше жылдан кейін мұнда келіп, өздері еккен ағаштардың қалай өскенін көре алады. Мұндай бастамалар табиғатқа деген жауапты көзқарасты сыныптағы кез келген сабақтан әлдеқайда жақсы қалыптастыруға сеп, – деп атап өтті Қашар №1 орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Гонтарева.

Тек соңғы үш жылда ERG-дің «Темір» дивизионының қызметкерлері «ССКӨБ» АҚ және «Қашар кені» АҚ аумақтарында 50 мыңнан астам көшет еккен. 2026 жылдың соңына дейін дивизион кәсіпорындарының аумақтарындағы жасыл желек саны тағы 13 500 көшетпен толығады.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда