14 Қыркүйек 2026

ERG Қарағанды облысындағы әлеуметтік жобаларға 350 млн теңгеден астам қаражат бөледі

Eurasian Resources Group (ERG) пен Қарағанды облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында компания 2026 жылы өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 350 млн теңгеден астам қаржы бөледі.

Меморандумға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шәмиев қол қойды.

– Біз әлеуметтік инвестицияларымыздың халыққа нақты пайда әкелуіне басымдық береміз. Бұл – коммуналдық инфрақұрылымды қолдау, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көмек көрсету немесе өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру, басты мақсатымыз – әкімдікпен бірлесіп жүзеге асыратын жобалардың өңірдің дамуына қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы өзектілігін сақтауы, – деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шәмиев.

Меморандум аясында Шұбаркөл кентіндегі қазандыққа қаржы қарастырылған. Бөлінетін қаражат көмір мен электр энергиясын сатып алуға, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге, көлік және әкімшілік шығындарды жабуға, сондай-ақ нысанды сумен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Сонымен қатар, ERG Шұбаркөл кентіндегі кәріз сорғы станциясы мен ішкі кенттік су құбыры желілерін күтіп-ұстауды қаржыландырады. Нұра ауданындағы аз қамтылған тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету үшін 500 тонна көмір бөлу жоспарланып отыр.

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерді қолдау – тек бүгінгі қажеттіліктерді қаржыландыру ғана емес, тұрғындардың әл-ауқатын ұзақ мерзімде арттыруға ықпал етуге талпыныс. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде 2025 жылы «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 40 жылдығына орай Қарағанды облысының Шұбаркөл кенті мен Ұлытау облысының Атасу кентінде заманауи балалар және спорт алаңдары салынды.

Жаңа қоғамдық кеңістіктерде воркаут алаңдары, шағын футбол алаңдары және балалар ойын кешендері орнатылды. Бұл нысандар тұрғындардың спортпен шұғылдануына, белсенді демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жаңа мүмкіндік берді.

2001–2025 жылдар аралығында ERG-дің Қазақстандағы әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 321 млрд теңгеден асты. Компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерді қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Меморандум ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және жергілікті тұрғындарды қолдауға бағытталған.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнасында