11 Қыркүйек 2026

ERG отандық өндірушілерден сатып алуларын 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайтты

Eurasian Resources Group Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының үкіметінің тапсырмасына сай елішілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау қамында қолға алған импортты алмастыру бағдарламасын қорытындыланады. 2025 жылы Топтың жалпы сатып алулары 1,8 трлн теңге межесінде болса, соның 1,32 трлн теңгесіне қазақстандық мердігерлерден тауар, жұмыс пен қызметтер сатып алынған.

Кейінгі жылдары ERG кәсіпорындары жалпы сомасы 55,7 млрд теңге 74 офтейк-келісім жасасқан. Бұл қазақстандық өндірушілердің өнімдері сатып алырына кепіл болып, олардың өндіріс ауқымын кеңейтуіне жол ашты. Бұл қатарда 12,3 млрд теңгеге темір жол техникасы мен жабдықтарына қосалқы бөлшектер сатып алу, 8,4 млрд теңгеге жару жұмыстарына қажетті құралдар алу, 5,7 млрд теңгеге электр пештерінің трансформаторларын сатып алу, 2,5 млрд теңгеге ротор экскаваторларына шөміштер сатып алу, 1,4 млрд теңгеге сорғыларға қажетті қосалқы бөлшектер сатып алуды атап айтуға болады.

Бұдан бөлек, ERG қазақстандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 196 млрд теңгеге 951 ұзақмерзімді келісімшарт жасасқан. Топтың жалпы сатып алуларындағы қазақстандық үлес 52%-тен 63%-ке жетті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бізге – ұран емес, нақты өндіріс жоспары. Елішілік құндылықтың әр проценті – Қазақстандағы зауыт, жұмыс орындары мен осында қалатын технологиялар. Біз отандық өндірушілерге жылына жүздеген миллиард теңгелік нарықтың есігін аштық. «Қазақстанда өндірісті жолға қоямын» дегендерге тапсырыс боларына кепілдік бере аламыз,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шамиев.

Осындай, өндірісті жергілікті жерде жолға қоюдың жарқын мысалы – «ERG Service» ЖШС. 2025 жылы серіктестік мамандары 94,3 млрд теңгенің өнімі мен қызметтерін ұсынды. Атап айтқанда: энергетикалық және тау-кен көлік жабдықтарын, құю жабдықтары мен машина жасау қондырғыларын жөндеген.

Одан бөлек, ERG алюминийдің Қазақстанда өңделуін дамыту үшін отандық өндірушілерге оны Лондон металдар биржасындағы (LME) котировкалардан 5% төмен бағамен беріп отыр.

Бүгінде ERG-дің импортты алмастыру бағдарламасы қазақстандық өндірушілерге ашық тұрған 21 мың импорттық позицияны ұсына алады. Олардың арасында карьер көлігіне қажетті автошиналар мен экскаватор шөміштерінен бастап, трансформаторлар, өнеркәсіп химиясының өнімдеріне дейінгі алуан түрлі өнім бар. Кез келген қазақстандық өндіруші erg.kz мен torgi.erg.kz алаңдарындағы «Импортты алмастыру» айдары арқылы бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады. Компания өтінімді саралап, талдап, шешім шығарады. Оң шешім алған тауарөндірушілермен келісім, кейде офтейк-контракт жасалады.

ERG бағдарламаны бірнеше бағытта дамытуды көздеп отыр. Атап айтқанда тоқсан сайын Топ кәсіпорындарында жеткізушілерге арналған «ашық есік күндері» өткізіледі. Мемлекеттік органдармен кездесулер, Қазақстанның Даму банкі және екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, (ҚР «Өнеркәсіп саясаты туралы заң» аясында) офтейк-контракттарды қаржыландыру механизмдерін әзірлеуді көздеп отыр.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда