ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-да вахталық кенттің «Орталық» разрезінде Шахтер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Кәсіби мереке кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің дамуына және ел экономикасына үлес қосып келе жатқан кеншілерге арналды.
Мерекелік шара «Жастар Лигасы» жастар қозғалысының төрағасы Нұрсұлтан Тасболат бастап, кәсіпорын әкімшілігің қолдауымен жүзеге асырылды. Жастар аллеясы, жас мамандардың шығармашылығын, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған алаң болмақ.
Салтанатты жиынға разрездің жас мамандары қатысты. Алқызыл лентаны операциялық директор – бас инженер Саят Абжанов, персонал және мәдениет жөніндегі директор Бауыржан Сүлейменов пен жастар көшбасшысы Нұрсұлтан Тасболат қиды.
Жаңа аллеяда жаңадан көшеттер егіліп, орындықтар мен жазғы күркелер орнатылған. Сондай-ақ жұмыста белсенділік танытқан әріптестеріміздің аты-жөні жазылған «Біздің болашағымыз» тақтасы ашылды.
– Жастар – біздің кәсіпорынның болашағы. Біз жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби дамуына жағдай жасап, бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Бұл аллея жаңа идеялар туып, жастар өзара тәжірибе алмасып, бастамаларын жүзеге асыратын орынға айналады деп сенемін, — деді «Шұбаркөл көмір» АҚ операциялық директоры – бас инженері Саят Абжанов.
Биыл Кеншілер күні бірінші рет жаңа алаңда ұйымдастырылды. Оның басты ерекшелігі – кәсіпорын қызметкерлерінің өз қолымен тұрғызған сахнасы. Мереке күні бұл төрде шұбаркөлдік таланттар әннен шашу шашты. Ал кештің арнайы қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Оқапов болды.
Мерекелік бағдарлама аясында кәсіпорынның үздік қызметкерлері марапатталды. Кәсіби шеберлігі, еңбекке жауапкершілікпен қарағаны және кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерге ведомстволық және корпоративтік марапаттар табысталды. Солардың қатарында жол және жол техникасын жөндеу учаскесінің бригадирі Мейрамбек Мұқашев бар. Ол III дәрежелі «Шахтер даңқы» медалімен марапатталды.
– Бүгінгі Шахтер күні мен үшін ерекше. Бұл – жыл сайын айрықша сезіммен күтетін мереке. Өз еңбегіңе және иық тіресе бірге жұмыс істейтін әріптестеріңе деген мақтаныш сезімі арта түсетін күн. Биылғы мереке мен үшін одан да маңызды бола түсті. Мұндай марапат – көп жылғы еңбектің бағалануы мен мойындалуы. Бұл мен үшін үлкен мәртебе,- деді Мейрамбек Мұқашев.
«Шұбаркөл көмір» АҚ тарихы терең, жоғары өндірістік көрсеткіштері бар кәсіпорын. Көптеген жылдар бойы компания көмір өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өз өнімін ішкі нарыққа да, шетел нарығына да үздіксіз жеткізіп келеді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнасында