ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ЕЭК) Ақсу электр станциясы 2027 жылға арналған қуатты аттестаттаудан сәтті өтіп, Қазақстанның энергетикалық жүйесіне 2081 МВт электр энергиясын жеткізуге дайын екенін растады. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда станцияның аттестатталған қуаты 16 МВт-қа артты.
Қуатты аттестаттау – елдің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі. Ол станцияның қажет болған жағдайда, соның ішінде электр энергиясын тұтынудың шарықтау кезеңдерінде желіге бере алатын нақты көлемін көрсетеді.
Ақсу электр станциясында аттестаттауға дайындық жұмыстары жыл бойы жүргізілді. Оған кәсіпорынның өндірістік, пайдалану және жөндеу бөлімдерінің мамандары қатысты. Негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық жағдайына, технологиялық режимдерді реттеуге және энергия блоктарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«ERG Service» ЖШС филиалы – Павлодар жөндеу басқармасы мамандары да ауқымды жұмыс атқарды. Олар жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіп, диагностика жасап, автоматика жүйелерін тексерді. Бұл станцияның пайдалану дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Расталған қуаттың өсуі – жабдықтардың тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
– Аттестатталған қуаттың артуы – жабдықтардың тиімділігін көтеру және өндірістік активтерді дамыту қамында жүргізілген жүйелі жұмыстың жемісі. ЕЭК үшін бүгінгі таңда электр энергиясын тұрақты өндіру ғана емес, болашаққа сенімділік қорын қалыптастыру да маңызды. 2081 МВт деңгейіндегі қуаттың расталуы станцияның жоғары жүктеме кезеңдерінде жұмыс істеуге дайын екенін және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін көрсетеді, – деді «ЕЭК» АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиев.
2026 жылы Ақсу электр станциясының жөндеу бағдарламасы мен жабдықтарды жаңғырту жұмыстарына, соның ішінде күрделі жөндеулерге 85 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл инвестициялар генерация қуаттарының жоғары дайындығын сақтауға, жабдықтардың тиімділігін арттыруға және тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайында толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда.