04 Мамыр 2026

Қазхром қызметкерлерді тасымалдайтын көліктерді жаңартып жатыр: тоғыз жаңа автобус жолға шығады

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлерді тасымалдау көлігін жаңартып жатыр. Компания филиалдарына тоғыз жаңа автобус жеткізілді. Бұл қызметкерлерді жұмыс орындарына күнделікті жеткізуді ыңғайлы, қауіпсіз әрі сенімді етеді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 55 орындық үш үлкен автобус әкелінді. Олар сұранысы жоғары бағыттарда қызмет етеді. Техника экологиялық стандарттарға сай заманауи дизельді қозғалтқыштармен және қарқынды пайдалану кезінде өте маңызды екі контурлы пневматикалық тежегіш жүйесімен жабдықталған.

Одан бөлек, зауыт автопаркі 24 орындық орта класты автобуспен де толықты. Ол аз жүктелген маршруттарға жіберіледі. Көлікте кондиционер, тәуелсіз жылытқыш және  кез келген мезгілде салонға жайлы жағдай сыйлайтын тиімді жылыту жүйесі бар.

– Автопаркті жаңарту – ең алдымен адамдарға және өндіріс тұрақтылығына салынған инвестиция. Жұмыс орнына дейінгі жайлы жол – қызметкерлердің көңіл-күйі, олардың жоғары мотивациясы мен тәртібі. Бірақ ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі, – деді «Қазхром» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры Нұрлан Тасимов.

Дөң тау-кен байыту комбинатына да 55 орындық екі үлкен автобус жеткізілді. Жаңа көліктер «Молодежная» шахтасының маршрутында жұмыс істейді. Олар кондиционермен, реттелетін орындықтармен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Өткен жылы да дәл осындай көліктер алынып, өндірістік маршруттарда тиімділігін дәлелдеп берген болатын.

Жалпы, соңғы жылдары Дөң тау-кен байыту комбинатының автобус паркінде 20 астам техника жаңарды. Олардың қатарында – жолаушы автобустары, вахталық көліктер мен микроавтобустар түзеді.

Ақсу ферроқорытпа зауытының автокөлік цехына да төрт жаңа автобус әкелінді. Олардың екеуі туристік класты – алыс сапарларға арналған, қалған екеуі зауыт ішіндегі тұрақты маршруттарда қызметкерлер мен ұсақ жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда