Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Іс-шара барысында бақылау-өткізу пунктіне жақын аумақ тазартылып, қоқыс шығару ұйымдастырылды.
Абаттандыру жұмыстары Қарағанды қаласындағы әкімшілік ғимараттарда, сондай-ақ «Топар» демалыс аймағында және компанияның басқа да нысандарында жалғасатын болады.
Кәсіпорынның бас экологы Құралай Хамзина атап өткендей, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – бір реттік бастама емес, бұл 2024–2029 жылдарға арналған қоғамда экологиялық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық тармағы.
Сонымен қатар, «Жастар Лигасы» жастар қозғалысының бастамасымен «Орталық» вахталық кентінде 105 жеміс ағашы егілді. Бұл – өңірдің экологиялық тұрақтылығына қосылған маңызды үлес.
Егілген әр ағаш – таза ауаға, тұрақты экожүйеге және өңірдің болашағына сеп. Ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Биыл тағы 1330 көшет егу жоспарланған. Оның 50-і Шұбаркөл кентіне егілмек.
Қызметкерлердің мұндай іс-шараларға белсенді қатысуы ұжымның жоғары жауапкершілігі мен және жайлы қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді.