Арнайы жүйе арқылы ауадағы өзгерістер тәулік бойы бақыланады. Сонымен қатар, кәсіпорында жүргізушіні қажет етпейтін бірегей жүк көлігі жұмыс жасайды. Өндірістің заманауи ерекшеліктерімен журналистер арнайы баспасөз-туры аясында білді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
ERG компаниясы Қазақстанда алғашқы болып кенді қауіпсіз әрі тиімді тасымалдайтын жүргізушісі жоқ көліктерді қолдана бастады. Екібастұздағы «Шығыс» кенішінде мына көп тонналы техника тізгінінде ешкім де жоқ. Сервис инженерлері арнайы бағдарламаларды әзірлеп, соның арқасында жүк көліктері тау массаларын ірі көлемде тасымалда. Баспасөз турына қатысушыларға көмір өндірудің толық технологиялық процесі мен заманауи карьерлік техника көрсетілді.
- Биыл біз әріптестерімізбен бірге жабдықтарды геопозициялау құрылғыларын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізе бастаймыз. Дәл бүгін Cat D9R бульдозеріне жаңа жабдықты орнатуды аяқтап жатырмыз. Бұл бульдозер машинисіне жобалық белгілерді, жобалық контурларды көруге мүмкіндік береді,-дейді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің техникалық қызметінің басшысы Эльдар Даутов.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылады. Мамандардың айтуынша, кеніште зиянды түтін жоқ, өрт шығу фактілері де тіркелмеген. Өндірістің барлық процесі табиғатты қорғау нормаларына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Ал кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан бұл экологиялық бекет тәулік бойы атмосфералық ауаның жағдайын тіркеп отырады.
- Біз Павлодар облысы әкімдігімен жасалған меморандумға сәйкес, өз еркімізбен санитарлық-қорғау аймағының шекарасында автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнаттық. Кез келген кәсіпорында санитарлық-қорғау аймағы болады. Мұнда «Восточный» кеніші мен Атығай кенті аралығында автоматтандырылған мониторинг станциясы орнатылды. Соның арқасында өлшеулер жүргізіліп, көрсеткіштер анықталады. Егер қандай да бір шекті мөлшерден асу байқалса, бізге автоматты түрде хабарлама келеді,-деді ERG компаниясының қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков.
Сонымен қатар, заманауи сертификатталған жабдық бірнеше минуттың ішінде медициналық тексерулер жүргізіледі: қан қысымын өлшеу, алкотест тапсыру жасалады. Бұл — ауысым алдында және ауысымнан кейін барлығына міндет. Сонымен қатар, қызметкерлер үшін бағасы қолжетімді, дәмді түскі астар мен кең сұрыпталымы бар "MERGEN" дүкені жұмыс істейді.