Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы ССКӨБ автокөлік цехында қосалқы көлікті басқаруға цифрлық шешім енгізілді. ССКӨБ және ERG-дің еншілес ІТ кәсіпорны – Business & Technology Services (BTS) командасының «Мобильді таспа» атты бірлескен әзірлемесі техниканың жұмысын нақты уақытта түсіруге және талдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аясында үш машинаға толығымен өздерінің ІТ командасы әзірлеген арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар планшеттер орнатылды.
Өндірістік көлік кәсіпорынның ырғағы мен орнықтылығына тікелей әсер етеді. Әр рейс, әр аялдама, техника жұмысының әр минуты өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Осыған дейін қосалқы техника үшін бұл ақпаратты есепке алу жүргізілмеді. Ағымдағы жүйе тек көліктің орналасқан жерін ғана көрсетті, жұмыс мәртебесін есепке алу мүмкіндігі жоқ болатын.
«Мобильді таспа» енгізілгенге дейін қосалқы техника туралы ақпарат ауысымнан кейін және қолмен жиналатын. Бұл талдаудың жеделдігін төмендетіп, уақтылы басқару шешімдерінің мүмкіндіктерін шектеді.
– «Мобильді таспа» деректермен жұмыс істеу тәсілін өзгертеді: енді жүргізушілер оқиғаларды – жұмысты, тоқтап қалуды немесе жөндеуді – ауысым процесінде тікелей планшетке жазады, - дейді BTS жобасының жетекшісі Михаил Плотников. - Оқиға мәртебе өзгергенге дейін жалғасады, ауысым аяқталғаннан кейін қосымша жазбалар мен есептер қажет емес.
Диспетчерлік қызмет пен басшылық құрам үшін шешім көлік бойынша бірыңғай цифрлық көріністі: техниканы жүктеу, қозғалыс, тоқтап қалу және жөндеуді қалыптастырады. Автоматтандырылған деректерді жинау процестердің ашықтығын арттырады және жабдықтың нақты жұмысын бақылауды жеңілдетеді.
- Қазір біздің көліктеріміздің жұмысы бойынша барлық дерек бір жүйеге жиналды, - деп атап өтті ССКӨБ автокөлік цехының диспетчері Иван Фабер. – Бұл бізге қағаз тасығыштардан босап, желідегі техника жұмысы барысында барлық ақауларды уақтылы тіркеуге және осы оқиғаларға уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді. Жақында ССКӨБ қосалқы көлік басқармасында барлық 30 араластырғыш-зарядтау машиналарын «Мобильді таспа» бойынша планшеттермен жабдықтау жоспарланып отыр.
BTS командасы шешімді кезең-кезеңімен бастады. Пилоттық режимде «Мобильді таспа» ССКӨБ автокөлік цехының үш қосалқы техникасына енгізілді. Бұл нақты жағдайларда функционалдылықты тексеруге, пайдаланушылардан кері байланыс алуға және одан әрі масштабтауға негіз қалауға мүмкіндік берді.
Пилоттық кезеңдеегі алғашқы нәтижелер:
• көлік жұмысы бойынша деректерді жинау автоматтандырылды;
• техника әрекеттерінің ашықтығы артты;
• нақты уақыт режимінде оқиғалардың мониторингі қамтамасыз етілген;
• жабдықтың тиімділігін талдау үшін мәліметтер базасы құрылды.
Алдағы уақытта шешімді Топтың басқа кәсіпорындарына – Дөң ТКБК, КБКБ және Ақсу ферроқорытпа зауытына тарату жоспарланған. Сондай-ақ, өндірістік қажеттіліктерді ескере отырып, жүйенің функционалдығын дамыту қарастырылған.
«Мобильді таспа» – цифрлық технологиялардың барлық деңгейлерде деректерді уақтылы алуды және шешім қабылдауды қолдауды қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестердің тиімділігі мен басқарылуын арттырудың практикалық құралына айналғанын паш етті.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда