Бүгін Eurasian Resources Group-тің (ERG) «туған қалаларында» MERGEN арнаулы дәріханалар желісі ашылды. Бастама – ERG-дің Топ кәсіпорындары қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатының лайықты жалғасы.
MERGEN әлеуметтік дәріханаларын ашудағы мақсат – қызметкерлердің қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді әділ әрі қолжетімді бағада сатып алуына мүмкіндік жасау. ERG кәсіпорындарының қызметкерлері бұл өнімдерді үстемесіз сатылады.
Қазір MERGEN дәріханалары Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ақтөбе, Хромтау мен Рудный қалаларында ашылды. Бастапқыда олар ERG құрамындағы «Евразия» медицина орталығы емханаларының ғимараттарында орналасады.
Дәріханада емдеу препораттары, күтімге қажетті өнімдерден бөлек медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдар бар. Әр дәріханада білікті фармацевтер еңбек етеді. Олар дәрі-дәрмек пен өнімдерді қолдану тәсілдері мен мөлшерлемелеріне қатысты ақыл-кеңес беруге даяр.
Жоба біртіндеп, дамытылады. ERG дәріханалар желісіндегі өнім түрлерін ұлғайтып, тұтынушылардан кері байланыс алу арқылы бастаманың әлеуметтік тиімділігін безбендейді. Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі дәрі-дәрмекке қолжетімділікті бағалайды.
MERGEN дәріханалары осыған дейін қызметкерлерге арнайы ашылған әлеуметтік дүкендер желісі бастамасын толықтырды. Осы дүкендердегі қазақстандық өнімдердің бағасы әдеттегі өзге дүкендерден төмен. Бүгін 16 дүкен MERGEN желісінде жұмыс істеп тұр.
- Біз қызметкерлеріміз бен өңір тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов. – Біздің дәріханалар – бір реткі бастама емес. Қызметкерлерімізге медициналық қолдау көрсетіп, дәрі-дәрмекті қолжетімді етуге талпынған ұзақмерзімді міндеттеме. MERGEN дүкендері де дәріханалары да ERG-дің бірізді ниеті: әлеуметтік жауапкершілік нақты, өлшенетін шешімдерден құралып, күнделікті тәжірибеде жұмыс істеуі тиіс деген көзқарастан туындаған.
- Мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының екінші балқыту цехында жұмыс істеймін. Бүгін компаниямыздыңмедициналық сақтандыру лимиті аясында дәрілерді тегін алдым. Егер отбасымдағы адамларға қажет болып жатса, дәрілерді арнайы дәріханамыхдан сатып ала аламы. Мұндағы бағалар қаладағыдан шынымен төмен. MERGEN деріханаларының ашылуы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін өте пайдалы әлі маңызды іс деп санаймын,- деді Ақтөбе ферроқорта зауытының қызметкері Иван Дархан
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда