02 Желтоқсан 2025

Жер астындағы серпіліс: «Соколовская» шахтасында жаңа вагонаударғыш пайда болды

ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) «Соколовская» шахтасының 330 көкжиегінде жаңа вагонаударғыш салып, пайдалануға беру қамындағы ауқымды жобаны аяқтады. Жұмыс 2024 жылдың қазан айында басталған. Бұл – соңғы жылдардағы маңызды техникалық жоба.

Жерасты жағдайлары стандартты емес шешімдерді қажет етті

Құрылыс жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерімен күрделене түсті. Учаскенің үстінде № 4 аударғыш 260 деңгейжиекте, нысанның астында – ұсату кешені орналасқан. Шахта мамандары зақымдалған құрылымдарды толығымен бөлшектеп, қабырғаны анкерлі бұрандамаларымен және металмен нығайтып, содан кейін тау жыныстарын масштабты тазартуға мәжбүр болды. Ауыр арқалықтар мен құрылымдық элементтерді көтеру үшін шектеулі кеңістікте арнайы техникалық шешімдер қолданылған.

- Ескі вагонаударғыш шамамен он жыл тұрды. Тексеру кезінде бункердің бөлігі мен механизмдері де істен шыққаны белгілі болды. Нәтижесінде нысан қайта салынды. Тек ротордың массасы 25 тонна, - дейді тау-кен шебері Дмитрий Мамро.

Ол шахтаның ұңғылаушыларымен, бекітушілерімен және газ-электр дәнекерлеушілерімен бірге жобаны бірінші күннен бастап жүзеге асыруға жұмылған. Жұмыстарға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Өндірістік тұрақтылықты нығайту

№ 1 шахтаішілік көлік жерасты учаскесінің бастығы Алексей Михайлов жаңа вагонаударғышты іске қосу 330 деңгейжиекте өндірістің тұрақтылығын едәуір арттырғанын атап өтті:

- Деңгейжиекте үш учаске және екі ұсату кешені жұмыс істеп тұр. Егер біреуі жоспарланған жұмыстарға қойылса, екіншісі жұмысын жалғастырып – өндіру тоқтамайды. Аударғыш кен тасымалдау тізбегінің негізгі буыны, - деді Алексей Михайлов.

Аударғыштан кен ұсату кешеніне, содан кейін — мөлшерлегішке түседі және скиптер арқылы жер бетіне шығарылады. Әрі қарай конвейер тракті арқылы қоймаға жеткізіледі және байыту фабрикасына жөнелту үшін думпкарларға тиеледі. Нысанның техникалық жағдайы тұрақты бақылауда.

Жаңа вагонаударғышты пайдалануға беру өндірістік процестің сенімділігін арттырады, тоқтау қаупін төмендетеді және «Соколовская» шахтасында өндірісті одан әрі дамытудың нық негізін қалайды.