Павлодар облысының Ақсу қаласында Қазақстанда алғаш рет тау-кен және металлургия саласындағы жұмысшы мамандар арасында ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік сайыс өтті. Шара елдегі кадрлық потенциалды дамыту мен жұмысшы мамандықтарын насихаттаудың маңызы кезеңіне айналды. Байқау Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, Президенттің 2025 жылы қыркүйектің 8-інде жарияланған Жолдауының тапсырмаларын жүзеге асыруды көздейді.
Eurasian Resources Group компаниясы ұйымдастырған ERG Skills International сайысы Қазақстан тау-кен және металлургия кешенінің үздік мамандары мен студенттері және Қытайдың білікті қызметкерлері арасында кәсібилік, құрізет пен өндіріске заманауи көзқарастары безбенделген тартыс алаңына айналды.
Байқау жұмысшы мамандықтар саласындағы кәсібиліктің эталоны саналатын –WorldSkills стандарттары бойынша өткізілді. Сайысқа жалпы саны 160 үміткер мен олардың тәлімгерлері қатысты. Қазақстан ТМК үздіктері арасында сайысқа «Qarmet» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Қазақмыс» Тобы, ERG кәсіпорындарының белді мамандары мен Қытайдың тау-кен металлургия саласындағы білікті мамандар шеберлік байқасты.
Құю ісі, дәнекерлеу технологиялары, темір жону мен слесарьлық, өнеркәсіп автоматикасы, электромонтаж, CAD инженерлік графикасы, зертханалық-химиялық талдау, еңбекті қорғау мен тау-кен ісі, маркшейдерлік, пайдалы қабаны байыту, сандық басқару қондырғысы бар станок операторы сынды 13 негізгі құрізет бойынша жарыс 5 күн бойы өтті.
Сайыста білім беру бағытына ерекше назар аударылған. ERG Skills International байқауына ERG мен колледждер альянсы, сондай-ақ басқа да оқу орындарының өкілдері, ұзын саны 15 колледж бен университет өкілдері қатысты. Бұл қатардан Рудный индустриалдық институты, Торайғыров университет, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақсу қара металлургия колледжін бөле жара айтуға болады. Байқауға қатысқан студенттер жоғарыда аталған оқу ордалары Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне мығым мамандар дайындайтынын дәлелдеді.
– ERG кадрларды даярлау экожүйесін жүйелі дамытып келеді. Біз мектеп қабырғасында кәсіби бағдар беруден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы, сондай-ақ біздің корпоративтік университетіміздегі оқыту бағдарламаларын түгел қамтимыз. ERG Skills International сайысын өткізу – осы экожүйенің тағы бір тиімді элементі. Бұл тек жеке мамандар үшін ғана емес, бүкіл сала үшін маңызды екеніне сенімдімін. Ол еңбек стандарттарын жоғарылатып, жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директор Серік Шахажанов.
ERG Skills International қорытындысында төмендегі құзіреттер бойынша мына мамандар жеңімпаз атанды:
«Тау-кен ісі» аталымында – «Алтыналмыс АК» АҚ маманы Нұрсұлтан Мұсабаев жеңімпаз. Дөң ТКБК маманы Марғұлан Умбаев екінші, «ССКӨБ» АҚ атынан сынға түскен Виктор Трофимов үздік үштікте.
«CAD Инженерлік графикасы» - Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Рамис Сапаров жеңімпаз. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде тәлім алатын Аралбек Жанысбеков екінші, «Kazakhmys Smelting» ЖШС атынан сынға түскен Серікболсын Саурықов үшінші орынға ие болды.
«Химиялық талдау зертханашысы» - Еламан Марат (Дөң ТКБК) үздік. Иван Романенко («Хромтау жоғары тау-кен колледжі) екінші, Александра Тыщенко («Kazakhmys Smelting» ЖШС) үшінші орында.
«Құю өндірісі» - Александр Щеглов пен Карина Оленбург («Павлодар машина жасау колледжі» үздік. Кирилл Солодкин («ERG Service» ЖШС) үздік үштікте.
«Маркшейдерлік ісі мен геодезия» - Ерасыл Қадыржанов (Дөң ТКБК) жеңімпаз. Роман Демиденко (Жітіқара политехникалық колледжі), Еламан Әшірбекұлы ( «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі) алғашқы үштікте.
«Пайдалы қазбаны байыту» - Анар Маханалина (Дөң ТКБК), Руслан Есжанов (Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі»), Ерасыл Базар («Алтыналмас АК» АҚ).
«Еңбекті қорғау» - Елизавета Скрыпник (Дөң ТКБК), Мақсат Үсенов («ССКӨБ» АҚ), Андрей Ивахно («Рудный политехникалық колледжі»).
«Өнеркәсіп автоматикасы» - Валерий Кондрушин («Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі») жеңімпаз. Балғынбек Мырзабек («Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі»), Илья Бездольный («Восточный» разрезі).
«Дәнекерлеу технологиялары» - Александр Гадлевский (Жітіқара политехникалық колледжі), Дмитрий Верещагин («Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі), Александр Смакотин (Ақсу қара металлургия колледжі»).
«Слесарь ісі» - қос бірдей жеңімпаз - Руслан Байтуов (Жітіқара политехникалық колледжі) және Чунъян Чжан (Шансий энергетикалық химия колледжі (ҚХР). Айқын Аманжолов («Ақсу қара металлургия колледжі») екінші, Савелия Николаева (КБКБ) үшінші орынға ие болды.
«Токарь ісі» - Нарманбет Сейфуллин («Kazakhmys Smelting» ЖШС) жеңімпаз. Жиренше Әбдірахманов (Ақтөбе ферроқорытпа зауыты), Қайсар Дәулетбай («Қазақстан алюминийі» АҚ Электр станциясы»).
«Сандық басқару қондырғысы бар станоктағы токарь ісі» - Дмитрий Гусев («ERG Srevice» ЖШС), Ярослав Кутовой («Ақсу қара металлургия колледжі»), Мұса Құсайынов (Қ.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі) үздік үштікте.
«Электромонтаж» - Максим Сорозидинов («Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі) жеңімпаз. Данил Ярошевич (Жітіқара политехникалық колледжі), Андрей Белялёв (Өскемен жоғары политехникалық колледжі).
– Сайыста жоғары дәлдік пен өңдеу технологияларын терең түсінуді талап ететін тапсырмалар берілді. Жаңа буынның сандық басқару қондырғысы бар станогында жұмыс істеу ерекше қызықты болды. Бәрін тапсырма барысында шұқып жүріп, меңгеруге тура келді. Міне осындай тапсырмалар кәсіби өрлеуге септесіп, өз күшіңе сенім ұялатады. ERG Skills International сайысындағы жеңіс – тек жеке нәтиже ғана емес, үнемі сені қолдап келе жатқан әріптестерің мен компанияның еселі еңбегінің ақталғаны. Өйткені олар біздің өсуімізге күш салып келеді, - деді ERG Service сандық басқару қондырғысы бар станогының токарьі Дмитрий Гусев.
ERG Skills International кәсіби шеберлік байқауын өткізу Eurasian Resources Group компаниясының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне арналған кадрларды даярлаудағы үздік халықаралық тәжірибелерді ілгерілету саласындағы жетекші рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған іс-шара өндірістік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам. Кәсіби құзыреттерді дамытуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға сеп.
Бұл – ел Президенті өз Жолдауында атап өткендей, адам капиталын және жұмысшы мамандықтарын дамытуды ұлттық дамудың басымдығы ретінде айқындаған бағытпен үндес, – деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
Осы орайда, ERG Skills кәсіби шеберлік байқауы 2023 жылдан бері жыл сайын иұрақты өткізіліп келе жатқанын айта кету абзал. ERG жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, ТКМ 2.0 жаңа кәсіптер Атласын әзірлеу және Атлас негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағытында жұмыс жүргізуде. ЕRG Қазақстанда әлемдік деңгейдегі толыққанды корпоративтік университет жүйесін құрған алғашқы компания. Университеттің ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 11 фронт-офисі бар. Барлық қызметкерлер платформаға тәулік бойы, аптасына жеті күн (24/7) қол жеткізе алады. Университетте 5 Академия құрылған: көшбасшылық, өндіріс және техникалық қызмет көрсету (ТҚК және ЖЖ), еңбекті қорғау және қауіпсіздік, жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби оқыту және цифрландыру. Компанияның оқу қажеттіліктерін толық қамтитын 2 500-ден астам курс пен бағдарлама әзірленген. Олар 60 000-нан астам қызметкердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бұл күні Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы алғашқы кәсіби біліктілікті тану орталығын ашты. Бұл еңбекті тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызды қадам. Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өткен. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен құрылып, Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына сәйкестендірілді. Оның негізгі міндеті – тау-кен және металлургия бағыттарындағы негізгі кәсіптер бойынша қызметкерлер мен лауазымға үміткерлердің кәсіби біліктілігін ресми түрде бағалап, тану. Толымды ақапарат мына сілтемеде. ERG өзге де компаниялар және мемелкеттік құрылымдармен тәжірибесін бүкпесіз бөлісіп келеді.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда