02 Қыркүйек 2025

ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның «Орталық» кенішінде Шахтерлер күні мен кәсіпорынның 40 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерейтой аясында Батыс кенішінде жаңа спорт зал ашылды. ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов еңбегімен дараланған қызметкерлерге ведомстволық марапаттарды табыс етті.

Өмірін кен өндіру ісіне арнаған төрт кеншіге – автокөлік кілттерін тапсырды. Бұл сыйлық олардың көп жылғы адал еңбегіне көрсетілген ерекше құрмет пен алғыс.

– Сіздердің еңбектеріңіз – кәсіпорын жетістіктерінің, өндірістік табыстар мен көмір өндірудегі рекордтардың негізі. Кәсіби біліктеріңіздің, жанқиярлығыңыздың және ұйымшылдықтарыңыздың арқасында компания алдыңғы қатардан көрініп, сенімді түрде болашаққа қадам басуда. Бүгін біз өндірістік  жеңістермен қатар, спорттық дәстүрлерімізбен де мақтанамыз. Өмірлеріңізге жаңа еңбек рекордтарымен қатар, жеке спорттық жетістіктер де көп болсын, – деді Шухрат Ибрагимов.

Мерекелік шараны «Қара алтын» ансамблінің ресми гимнінің тұсау кесері толықтырды. Бұл ансамбль КТК телеарнасындағы «Кел, шырқайық!» тележобасының жеңімпазы атанған. Гимн шахтердің қиын да мәртебелі еңбегіне арналған. Ән жолдарында «қара алтынды» өндіру арқылы елдің энергетикалық тәуелсіздігінің негізін қалап жүрген адамдарға деген құрмет көрініс тапқан. Гимн шахтерлердің бауырластығын, кәсібіне деген мақтанышы және болашаққа деген сенімді жеткізеді. Әрбір рекорд пен өндірілген тонна көмір – шұбаркөлдік кеншілердің қажыр-қайраты мен бірлігінің жемісі.

40 жыл ішінде кәсіпорын елеулі жетістіктерге жетті. 250 млн тоннадан астам көмір өндірілді. HITACHI EX-3600 экскаватор экипажы бір айда 750 мың текше метр жынысты қазып, рекорд орнатты. Ал 2025 жылдың маусым айында Теміржол цехы экспорттық келісімшарттар аясында 769 012 тонна көмір жөнелтті. Ал биыл шетелге 728 мың тонна көмір экспортталды.

«Шұбаркөл көмір» АҚ – ел экономикасына қомақты үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік жобаларды да белсенді жүзеге асырып келе жатқан кәсіпорын. Компания өңірлерде спорт және балалар алаңдарын салып, білім мен мәдениетті қолдауға айрықша көңіл бөлуде.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнасында