Ақсу мен Хромтау қалаларындағы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, толық қайта жабдықталып, білім күні оқушыларға есігін айқара ашты. Осылайша, Eurasian Resources Group (ERG) елдегі білім беру саласын қолдауға бағытталған бағдарламасы аясында «туған қалаларындағы» жалпы білім беретін мектептерді жаңартып жатыр. Компания бұл мақсатқа – 1,7 млрд. теңгеден астам инвестиция құйған.
Павлодар облысы Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин астындағы қазақ орта мектебі қайта жаңғырды. 1974 салынған білім ұясы 1 320 оқушыға шақталған. 2025 жылы ERG мектепте тек күрделі жөндеп қана қоймай, оны толық жаңғыртты десе болар.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы №2 гимназия 800 оқушыға шақталған. Ондағы бүкіл жиһаз жаңартылып, цифрлық зертханалар мен роботтарға ерекше екпін түсірілді.
Қос мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыртқы қасбеті жаңарды. Жаңа спорттық және ойын алаңдары орнатылып, көгалдандырылып, мектеп аумағы толық абаттандырылды. Іші заман талабына сай әрленген. Интерактивті панельдер, цифрлық зертханалар, 3D-принтерлер, компьютерлендірілген тігін машиналарынан бастап, еңбек сабағында пайдалануға болатын қауіпсіз әмбебап станоктарға дейін түгел бар.
Хромтауда STEM-бағытына басымдық берілген. Класс Arduino топтамасындағы робототехникалармен, білім беру роботтарымен және жобалық жұмысқа қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілді.
Мектептердің акт залдарына LED-экрандар мен кәсіби акустикалық және жарық жүйелері орнатылған. Ғимарат бейнебақылау жүйесімен жабдықталды.
Осылайша, Ақсудағы мектепке – 1,5 млрд. теңге, ал Хромтауда – 200 млн теңгеге жуық инвестиция құйылды.
- «Туған қалаларымыздағы» мектептерді жаңғырту – күрделі әрі стратегиялық маңызды міндет. Мұндайда, тек заманауи жабдықтарды жеткізіп, инфрақұрылымды жаңарту аз. Басты мақсат – балаларға бәсекеге қабілетті білім беру. Ол – болашақта оқушылардың келешегіне нық іргетас болады. Біз тек жайлы жағдай жасаумен шектелмей, заманауи білім беру ортасын қалыптастырамыз. Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыра отырып, білім беру саласын дамыту қамындағы мемлекеттік бағдарламаларды қолдап, мұндай жобалар Қазақстанның келешегін нығайтарына сенімдіміз, - деп атап айтты ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.
Одан бөлек, Қостанай облысының Рудный қаласында жаңа буынның мектеп гимназиясы салынды. Инновациялы мектеп 1 200 оқушыға шақталған. Жаңа нысанда қауіпсіздіктен бастап, білім беру процесінің жалпы тұжырымдамасына дейінгінің бәрі жіті ойластырылған. Бұл Қазақстандағы нақты кәсіпорындағы жұмысқа кәсіби бағдар беретін жалғыз мектеп болмақ. Білім беру ұйымының жалпы аумағы – 19 590 шаршы метр. Ол елдегі ең үлкен мектептер қатарына енеді. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бұл нысан соңғы 3 жылда ERG қаражатына бой көтерген осымен үшінші мектеп.
Бүгінен бастап осы үш мектепте «ERG мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Ол білім беру процесінің сапасын жақсартып, оқытуға жаңа технологиялар мен құралдарды енгізуге бағытталған. Әр білім ұясында «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорымен серіктестік шеңберінде жұмысқа жұмылдырылған жас кәсіби мамандар сабақ беруді бастады. Оқу жылы барысында ұстаздар мен ата-аналарға арналған оқыту бағдарламалары мен Сингапурдың мемлекеттік мектептерімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр.
Мектептерді жаңғырту бағдарламасы – ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерді орнықты дамыту мен онда әлеуметтік инвестициялар құюды көздеген кең ауқымды стратегияның бір тармағы. Тек 2025 жылы оған еліміздің әр тарабындағы ондаған білім беру мекемелері енді. Олардың инфрақұрылымдары жаңартылып, цифрлық шешімдер енгізілді. Жылпа алғанда ERG мектептегі білім беру ісін ілгерілетуге 15 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттады.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда