Дөң ТКБК «Болашақ» шахтасына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Рашид Дубаев арнайы барды.
Ол «Болашақ» шахтасын аралап, тау-кен жұмыстарын атқару кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету қамында атқарылған, әлі де іске асырылып жатқан іс-шаралармен танысты.
ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов, «Қазхром» ТҰК» АҚ басшысы Сергей Прокопьев, Дөң ТКБК директоры Бауржаном Утемисовтермен бірге шахтаға түсіп, төменге құлдилайтын еңіс ұңғымалардың бірін қарап шықты. Ол улы газдарды (сутегі) жер бетіне шахтаның желдету жүйелерімен қауіпсіз шығаруды қамтамасыз етуге қажет. Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Рашид Құлтайұлы шахтағы персонал мен көлікті позициялау жүйесі, станционарлы және мобильді газоанализаторлардың жұмысымен танысты. Олар жедел ақпаратты тура сол сәтте шахтаның диспетчер бөліміне жолдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Шахтаны аралап болған соң, өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы келелі кездесу өткізіп, бүгінге дейін атқарылған іс-шаралардың тиімділігін жоғары бағалады. Әрі тазартпа өндірім жұмыстарын жүргізуге еш кедергі жоқ екенін айтты.
Жоғарыда аталғандардан бөлек, осыған дейін әзірленген өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын мұқият орындап, қауіпсіз атқарылатын шахта жұмысының перспективалары талқыланды