22 Шілде 2025

ERG және Қазақстан гимнастика федерациясы GymFest отбасылық фестивалін ұйымдастарды

Павлодарда Металлургтер күніне орай ERG және Қазақстан гимнастика федерациясының қолдауымен отбасылық GymFest спорттық ойын-сауық фестивалі өтті.

көрсетілімдері, тәжірибелі мамандар өткізген шеберлік сабақтары, сондай-ақ Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановпен автограф-сессия ұсынылды. Балаларға арналған қызықты ойындар, ептілік пен тепе-теңдікті дамытуға арналған челлендждер және тәтті сыйлықтар таратылды.

Фестиваль қонақтары Қазақстан гимнастика федерациясының төрт бағытымен – көркем, спорттық, батуттық және акробатикалық гимнастикамен жақынырақ танысты. Сонымен қатар, кез келген адам Павлодар өңіріндегі гимнастика клубтары туралы толық ақпарат алып, секцияларға жазыла алды.

– ERG елімізде спортты дамытуға үнемі қолдау көрсетеді. Бұл – Қазақстанның болашағына құйылған инвестиция. Біз үшін спорттың әр адамға қолжетімді болғаны маңызды, сол үшін туған қалаларымызда спорт кешендері мен workout алаңдарын салып жүрміз. Бүгінгі фестиваль өтіп жатқан «Баянтау» спорт кешені де ERG-дің қаржылай қолдауымен салынған. Қазақстан гимнастика федерациясымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Бірге оң өзгерістер жасап, жаңа чемпиондарға шабыт сыйлаймыз деп сенеміз, – деді ашылу салтанатында ERG Service компаниясының бас директоры Сергей Перепечин.

– Павлодар – еліміздегі гимнастиканың алдыңғы қатарлы орталықтарының бірі. Мұнда осындай шаралар өткізуге әрдайым қуаныштымыз. Азия чемпионатында павлодарлық спортшылар жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. ERG-ге сенімді серіктестігі мен олимпиадалық спорт түрлерін дамытудағы белсенді қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл бастамалар гимнастиканы кеңінен насихаттап қана қоймай, жаңа буынды спортқа баулиды, – деп атап өтті Қазақстан гимнастика федерациясы.

Биыл компанияның қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінде гимнастиканы дамытуға қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Айта кетейік, 2024 жылы Париждегі Олимпиадада Қазақстан спорттық гимнастикадан тұңғыш рет медаль жеңіп алды – ат жарысында Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанды.

ERG бұқаралық, балалар және кәсіби спортты дамыту бағытында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді.

Соңғы жылдары компания футбол, баскетбол, жеңіл атлетика және олимпиадалық спорт түрлерін қолдауға атсалысып, көптеген спорттық іс-шараларға серіктес әрі демеуші болды. Әсіресе гимнастикаға ерекше көңіл бөлініп, Қазақстан гимнастика федерациясымен әріптестік орнатылған және халықаралық жарыстарда топ жарған талантты спортшыларға қолдау көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, ERG аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамытуға, шеберлік сабақтарын, оқу бағдарламаларын ұйымдастыруға және спорт клубтарын қолдауға тұрақты түрде қаражат бөледі.

 

Айта кетелік, GymFest қонақтары арасында лотерея ұйымдастырылып, бас жүлде ретінде қаладағы ірі дүкендерге берілетін ақшалай сертификаттар ойнатылды.