Eurasian Resources Group (ERG) компанияның мердігерлері үшін – ERG Partners жаңа цифрлық сервисі іске қосылатынын хабарлайды. ІТ-шешім компания серіктестеріне қызметкерлер, автокөліктер және тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) үшін Топ кәсіпорындарының аумағына рұқсаттама алуды бірнеше есе жылдам ресімдеуге мүмкіндік береді.
ERG мыңдаған контрагенттермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Күн сайын Топтың зауыттары мен фабрикаларының аумағына мердігерлік ұйымдардың жүздеген өкілдері өтіп, ТМҚ әкеліп, түрлі жұмыстар жүргізеді.
Рұқсатнамаларды рәсімдеу кезінде қағазбастылықтан арылып, бұл процесті қалай ыңғайлы әрі жылдам етуге болады? Бұл мәселенің шешімін ERG ІТ-бөлімшесі – Business & Technology Services (BTS) әзірлеушілері тапты. Qollab корпоративті қосымшасында олар ERG Partners сервисін құрды. Енді компанияның кез-келген мердігері бірнеше рет батырма басу арқылы рұқсатнаманы өз бетінше рәсімдей алады, ТМҚ жеткізуге өтінім бере алады және өз қызметкерлерінің деректерін бір терезеде басқара алады. Веб-нұсқа мен мобильді қосымша барлық операцияларға ыңғайлы қол жетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.
ERG Partners-ты қалай пайдалануға болады?
Qollab қосымшасын жүктеп алыңыз (App Store, Google Play) немесе qollab.kz өтіңіз
Телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіңіз
ERG сатып алу порталынан е-mail және компанияның тіркеу нөмірін енгізіңіз
Компанияның ERG Partners жеке кабинетіне кіріңіз.
Кабинетте жұмысты бастаңыз – әрі қарай пайдалану үшін барлық қажетті деректерді енгізіңіз және сақтаңыз.
- Өндірістік және бизнес-процестерді цифрландыру - ERG-дің Digital-стратегиясының басты басымдықтарының бірі, - деп атап өтті ERG бас директорының цифрландыру және ІТ жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев. – Бүгінде бүкіл әлем уақытты үнемдейтін және процестерді жеңілдететін мобильді шешімдерге бет бұруда. ERG-ді де бұл өзгеріс айналып өткен жоқ. Екі жыл бұрын біз Топтың кеңсе және өндірістік персоналына арналған 200-ден астам сервистерді қамтитын өзінің супер қосымшамызды іске қостық. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша 60 мыңға жуық пайдаланушыны қамтиды. Биыл біз одан әрі ілгері басып, серіктестеріміз үшін ыңғайлы сервистерді құрдық.
Барлық маңызды процестер – бір сервисте
ERG Partners деректерді қолмен толтыруды болдырмайды және ERG мердігерлері мен қызметкерлері үшін жұмысты жеңілдетеді. «Вездеход» АЖ-мен интеграцияның арқасында мердігердің барлық деректері кураторға тікелей түседі, бұл кәсіпорын аумағына кірудің процесін одан әрі жеңілдетеді. ТМҚ мен қызметкерлер туралы ақпаратты мердігерлердің өздерінің енгізуі барысында туындар қателерді азайтады және деректерді жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдардан 3200 өтінім сәтті орындалды, ал ІТ командасы Топтың барлық алаңдарында процесті енгізу қамындағы жұмысты жалғастыруда.
Сервистерді пайдалану мәселелері бойынша ergpartners.help@erg.kz поштасына және +7 701 572 0576 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады