Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпкерлер палатасы «Кәсіби маман» байқауын өткізген. Бұл байқауда ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты аймақтық іріктеу айналымының жеңімпазы атанды. Ал жұмысшы кадрларды даярлауда ең үздік колледж атағына ие болған – Хромтау тау-кен техникалық жоғарғы колледжі.
Кәсіпорын мен оқу орны әлеуметтік серіктестер ретінде ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Колледж қабырғасынан жыл сайын алуан жас маман өндірістік мамандықтар бойынша білім алып шығады. Жас түлектердің шамамен 90%-і Дөң тау-кен байыту комбинатына жұмысқа орналасады. Кейбірі жоғары оқу орындарында білімін жалғастырса, енді бірі әскерге аттанып жатады.
– Биыл «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды әрі «Қазхром» компаниясына 30 жыл толып жатыр. Мұндай аталым иегері атанғанымызға екі есе қуаныштымыз, - деді Дөң тау кен-байыту комбинатының директоры Бауржан Утемисов. – Маңыздысы, колледж студенттері кәсіпорын цехтарында ақылы тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие. Бұл тәжірибе еңбек өтіліне қосылады. Түлектер үшін өте маңызы зор. Себебі колледжді аяқтағанда, олардың мамандығы бойынша белгілі бір жұмыс тәжірибесі болады деген сөз. Бүгінде кейбір түлектер басқарушы лауазымдарды иеленіп, табысты мансап құруда. Ұзақ мерзімді серіктестік жақсы нәтижелерге жетелеп келеді.
Биыл колледж үш жаңа лицензияға ие болды және жаңа мамандықтар бойынша білім беретін болады. Яғни маркшейдерлік іс, еңбек қауіпсіздігі және технологиялық процестердің қауіпсіздігі, сондай-ақ мехатроника. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби бағдар беру, студенттердің Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылығымен, кәсіпорындағы еңбек әулеттерінің өкілдерімен кездесулері, цехтарға экскурсиялар мен өндіріске жақындатып, қызықтыратын басқа да іс-шараларға ерекше назар аударылып жатыр.
Компания туған өңір тұрғындарының білім алуына әрдайым үлкен мән береді. Сондықтан жыл сайынғы дәстүрлі Меморандум аясында «ERG мектебі» және «ERG колледждерге» жобаларын жүзеге асыру жалғасады. Биыл компания Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжін дамытуға 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ, Хромтаудағы №5 мектеп жабдықталды. Жобаға 179,5 миллион теңге инвестиция бағытталған.
Осы жылы ERG-дің қолдауымен колледжде VR-зертханасы бар, тау-кен машиналары және кешендері зертханасымен жабдықталған заманауи құзырет орталығы ашылды. Онда студенттер виртуалды шындықта кәсіби тапсырмаларды орындап, шахталар мен өндірістік алаңдардағы жұмысты модельдей алады. VR-көзілдіріктері кең ауқымды бағдарламалар тізімімен әртүрлі өндірістік процестерге енуге мүмкіндік береді.