13 Маусым 2025

Eurasian Resources Group Рудный қалалық көпсалалы ауруханасына заманауи жабдық тарту етті

Медицина саласы мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында Eurasian Resources Group (ERG) Рудный көпсалалы қалалық ауруханасына Германияда жасалған заманауи уретерореноскоп сатып алуға арналған сертификат тарту етті. Қайырымдылық көмек ретінде ұсынылған жабдық жергілікті дәрігерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге сеп.

 ERG өңірдегі медициналық инфрақұрылымды қолдау мақсатында жабдық сатып алуға сертификат тарту етті. Атравматикалық формадағы дәлдігі жоғары уретерореноскоп несеп жолдары ауруларына диагноз қоюдың дәлдігін арттырып, емдеу тиімділігін жоғарылатады.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы урология бөлімінің меңгерушісі Алмас Естияров көрсетілген қолдауға алғыс айтып, жаңа жабдық медициналық қызмет сапасын жоғарылатып, науқастарды емдеу нәтижесін жақсартатынына тоқталды.

– Науқасқа деген жанашырлық пен кейде тіпті оның денсаулығын сақтап қалу ісінде бұл жаңа жабдықтың маңызы ерекше,- деді ол. – Литотрипсиясы бар уретереноскоп несеп ағыны жолында тас болған жағдайларда, тастардың бірден оқыс шығып кетпеуіне пайдаланылатын құрал. Еуропа урологтары қауымдастығының (EAU) ұсынысы осындай. Тастардың қайда тұрғанына қарамастан, бұл – бұлжытпай сақталатын қадиға. Бізге емдеуді жылдам әрі сапалы жүргізу үшін осы жабдық қажет болатын. Уретерореноскопты қолдана отырып жылына 200-ден астам ота жасалады. Емдеудің осы тәсілі – урологиядағы ең кең таралған әдіс. Біз осыған дейін қолданып келген уретерореноскоп 6 жыл бұрын сатып алынған. Әбден ескірді. Сондықтан ERG-ге хабарласып, көмек сұрауымызға тура келді. Олар жағдайды түсініп, қолдау көрсетті. Жүздеген науқастың дертіне шипа болар жаңа жабдық алуға септескені үшін алғыс айтамыз.

- Жоғарытехнологиялы бұл жабдықты табыстау – науқастарды емдейтін мединицалық мекемелерді озық құралдармен жабдықтау жолындағы маңызды қадам. Туған қаламыз – Рудныйдың денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Темір кенін өндіретін алпауыт кәсіпорнымыз – ССКӨБ осы қалада орналасқан. Қызметкерлеріміздің, олардың отбасы мүшелері мен жалпы қала тұрғындарының денсаулығын нығайту – ERG-дің басым бағыттарының бірі,- деп атап айтты ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

ERG компаниясы еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға молынан инвестиция құйып келеді. Атап айтқанда: мектептер мен ауруханалар салу, оларды материалдық тұрғыда қамдау, спорт нысандарын салу. Қызметін бастағалы бері ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының көлемі бүгінде 400 млрд теңгеге жуықтады.