11 Маусым 2025

Қазхром 30 жылыдығы қарсаңында 40 миллионыншы тонна ферроқорытпа өндірді

Әлемдегі жетекші ферроқорытпа өндірушілердің бірі саналатын, ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ іргесі қаланғалы бері ферроқорытпа өндірісіндағы мерейлі меже – 40 миллионыншы тонна өнім шығарды. Бұл айтулы өнім компания филиалдарының бірі Ақсу ферроқорытпа зауытының тұңғышы – 21-пеште балқытылды.

- Бір кездері мен еңбек жолымды 21-ші пеште жұмыс бастаған едім. Біз феррохромның алғашқы бес миллионыншы тоннасын дәл осы пеште өндіргенімізде қалай мақтанғанымыз әлі есімде. Ал қазір 40 миллион тонна! Өзімнің және әріптестерімнің осы тарихи жетістікке қатысқанымызды мақтан тұтамын. Біз өндірістің қалай өсіп, дамығанын, жаңа технологиялардың қалай енгізілгенін көрдік, - деп атап өтті Аксу ферроқорытпа зауытының тәжірибелі ардагері, 21-ші пеш бригадирі Григорий Фатхутдинов.

1995 жылы Қазхром Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын біріктіргенде, олардың жылдық өндірісі – 650 мың тоннадан сәл ғана асатын. Бүгінгі күні өндірісті ауқымды модернизациялау және заманауи технологияларды енгізу арқасында Қазхром зауыттары үш есе көп өнім шығарады және осы салада жетекші позицияларды ұстап келеді.

– 40 миллионыншы тонна ферроқорытпаға қол жеткізу – бұл жай ғана сан емес, тұрақты дамудың және компания тұрақтылығының белгісі. Компания өз жұмысын жүргізіп жатқан өңірлердің және жалпы елдің экономикасына үлкен үлес қосуды жалғастырып жатыр. Біз үнемі тиімділікті ілгерілетіп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және үнемді өндірісті енгізу бағытында үздіксіз жұмыс істейміз. Бұл бізге көлемді ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы өнімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап айтты «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

2024 жылы Қазхромда ферроқорытпалардың жылдық өндірісінде жаңа тарихи рекорд тіркелді. Бұл бүгінгі жетістікке жету жолындағы маңызды кезең болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия компаниясы ферроқорытпалар шығару бойынша бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жылдық есепте көлем 14%ке өсіп, 1,8 миллион тоннаға жетті.

«Қазхром» ТҰК» АҚ – Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ірі жұмыс берушілердің бірі. Компанияның жалпы қызметкерлер саны – 18 мың адамнан асты. Компания өндірісті цифрландыруды, ресурс базасын кеңейтуді және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бағытарында стратегиялық жобаларды белсенді түрде дамытып келеді.

Қазхромда әлеуметтік тұрақтылыққа ерекше назар аударылады. Яғни бұған қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдау, медициналық қамтамасыз ету, білім беру және қайырымдылық істерін атауға болады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша компания Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің (СПСЦА) бастауыш ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік серіктес» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл Қазхромның әлеуметтік серіктестік және қызметкерлердің мүдделерін қорғау саласындағы жоғары деңгейін растайды.