09 Маусым 2025

Қостанай облысының Рудный қаласында жыл сайынғы ERG Skills кәсіби шеберлік байқауы өтті

Қостанай облысы Рудный қаласында жыл сайынғы үшінші ERG Skills кәсіби шеберлік байқауының кезеңі қорытындылады. Оған Топ кәсіпорындарының жас қызметкерлері, сондай-ақ колледждер Альянсы мен ERG құрамындағы Рудный индустриалды институты мен колледж студенттері қатысты.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы жақсы кәсіби дағдыларын көрсетті. Жеңімпаздар алты құзыреттілікте анықталған: дәнекерлеу технологиясы, слесарь және жонушы ісі, электр құрастырушы, инженерлік графика, сондай-ақ еңбекті қорғау. Жарыс Рудный колледждерінің базасында өтті: кен-технологиялық, политехникалық, құрылыс және көлік.

Байқаудың барлық жеңімпаздарын, қатысушыларды, сарапшыларды, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерді ERG Темір дивизионының басшысы Сергей Кузьменко құттықтады:

- Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшы мамандар жылы деп жариялап, жастар арасындағы жұмысшы кәсіптердің құндылығы мен беделін атап өтті. ERG компаниясының кәсіпорындары бұрынғыдан да тиімді және бәсекеге қабілетті жас кадрларға мұқтаж. Бүгін ССКӨБ елеулі стратегиялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондықтан біз Рудный жастарының отбасылық дәстүрді жалғастырып, кәсіпорындардың дамуына үлес қосуы үшін бізге жұмысқа келуіне мүдделіміз. Біз сондай-ақ кәсіпті алған кезде балаларға қауіпсіз еңбек дағдыларын сіңіруге мүдделіміз. Қауіпсіздік – ERG-дің басты құндылықтарының бірі және біз үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау басым.

Байқау қорытындысы бойынша «Еңбекті қорғау» құзыреттілігінде үшінші орынды ССКӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі маманы Зарина Хасенова, екінші орында – Рудный индустриалды университетінің студенті Вероника Ефимова иеленді. Бұл құзыреттілікте Рудный политехникалық колледжінің IV курс студенті Андрей Ивахно жеңімпаз деп танылды:

– Бүгінгі таңда еңбекті қорғау кез-келген өндіріс үшін, әсіресе жарақат алу қаупі жоғары жерлерде маңызды. ССКӨБ өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін сақтауға көп көңіл бөледі. Бұған өндірісті автоматтандыру цехында өткен тәжірибе кезінде назар аудардым. Менің ойымша, еңбекті қорғау ережелерін тек жұмыс орнында ғана емес, күнделікті өмірде де сақтау керек. Өйткені, көп жағдайда адамның денсаулығы мен өмірі өзіне, оның ұқыптылығы мен сақтығына байланысты.

«Инженерлік графика» құзыретінде Рудный политехникалық колледжінің студенті Анастасия Кучеренко, екінші орында ССКӨБ инженер-конструкторы Евгений Мухачев, үшінші орында Рудный политехникалық колледжінің оқушысы Илья Ярошенко көшбасшы болды.

«Электр құрастырушы» құзыретінде Жітіқара политехникалық колледжінің оқушысы Данил Ярошевич үздік деп танылды. Екінші орында – Рудный кен-технологиялық колледжінің оқушысы Асыл Жұмабек, үшінші орында - Рудный электр станциясының (ERG Энергетика дивизионының) электр монтері Олег Кунц.

Жонушы ісінде Рудный кен-технологиялық колледжінің оқушысы Дмитрий Ефралов үздік деп танылды, екінші орында –ERG Service Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытының жөндеу-механикалық цехының жонушысы Денис Агафонов, үшінші орында – «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ жонушысы Артем Волосников.

– Баспен және жанмен жұмыс істегенде бәрі ойдағыдай болады. Команда мен тәлімгерлерге рахмет. Биыл күрделірек болды, қиындықтар да болды, бірақ мен оны жеңдім. Бұл жай ғана байқау емес, менімен бірге болатын тәжірибе, – деді Денис.

Слесарь ісінде Жітіқара политехникалық колледжінің оқушысы Руслан Байтуов үздік нәтиже көрсетті, екінші – Рудный құрылыс және көлік колледжінің оқушысы Сергей Ротермель, үшінші - Рудный кен-технологиялық колледжінен Данил Гончар болды.

Дәнекерлеу технологияларында алтын медаль Жітіқара политехникалық колледжінен Александр Гадлевскийде, күмісті «Қашар кені» АҚ өкілі Михаил Болих,  қоланы ERG Service Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытының электр жөндеу цехының электр газбен дәнекерлеушісі Максим Ануфриев  жеңіп алды.

- Байқау өте жақсы әсер қалдырды. Екінші орынды иелендім, әрине, қуаныштымын, бірақ мен үшін ең бастысы – тәжірибе, - деді Михаил Болих. - Тапсырма күрделі, жауапкершілік үлкен болды, сондықтан мен өзімді барлық жағынан көрсетуге тырыстым. Бұрын ол тек қол  доғалы дәнекерлегішпен жұмыс істедім, ал мұнда мен аргонды қолданып көрдім – мүлдем басқа тәсіл, өте қызықты. Әр түрлі кәсіпорындардың қатысушылары болғаны да ұнады. Біз танысып, әңгімелестік, тәжірибе алмастық. Мұндай байқаулар дамытады және шабыттандырады. Алға жылжып, өсіп, жаңа нәрселерді үйренгім келеді.   

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған балаларды осы күні жағымды тосын сый күтіп тұрды – бірден тоғыз адам ERG Темір дивизионының – ССКӨБ  және Қашар кеніне жұмысқа шақырту алды. Алты балада қос шақыру  – Энергетика дивизионына – Рудный электр станциясына жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

ERG Skills байқауы WorldSkills стандарттары – жұмысшы кәсіптер саласындағы кәсіпқойлық эталоны бойынша өткізіледі. Жалпы алғанда, Қостанай облысындаға байқау 40-қа жуық адамды жинады, олар қиындықтарға тап болды, жарыс процесіне тартылды және кәсіби даярлықтың лайықты деңгейін көрсетті.