29 Мамыр 2024

ERG Recycling күл мен пластик қалдықтарынан тротуар тақтайшаларын шығара бастады

Eurasian Resources Group кәсіпорындарының өнеркәсіп қалдықтары мен техногенді минералды түзінділерін (ТМТ) басқару компаниясы – ERG Recycling енді күл мен пластик қалдықтарынан тротуар тақтайшалары өндірісін жолға қойды. Шикізат ретінде «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясында жағылған көмірдің күлі мен өзге де кәсіпорындардан шыққан пластик қалдықтары іске жаратылады.

Күл-полимер өнімдері – полимер мен күлді жоғары температурада өңдеп, сығымдау негізінде жасалатын құрылыс материалы. Күл – толтырылым, полимер – оны байланыстырушы өнім. Бұл өнімге патент алынған. Сынақ күл-полимерлі тақтайшаның беріктігі бетоннан кем түспейтінін көрсетті. Артықшылығы – өнім бетон сынды үгітілмейді. Әрі төсем барысында ығайлы.

Жаңа өндіріс ошағы ERG-дің «Энергетика» дивизионы құрамындағы «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының аумағында. Цехта шикізат ретінде электр станциясынан шығатын күл мен Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты, ERG Service пен өңірдегі өзге де өндірістік кәсіпорындардан шыққан пластик қалдықтары пайдаланылады. Кешен жылына – 168 тонна ұсақталған полимер қалдықтарын кәдеге жаратып, жылына – 8 мың шаршы метр тротурар тақтайшаларын шығара алады. Өнімді саябақтарға, велосипед жолдарына, тіпті өнеркәсіп алаңдарына да төсеуге болады.

- Бұрын ERG кәсіпорындарынан шығатын пластик қалдықтары залалсыздандыру үшін арнайы полигондарға жөнелтілетін, - деді  ERG Recycling директоры Марат Күдеков. – Пластик қалдықтарын өңдеуді жолға қоя отырып, біз полигонға жөнелтілетін, өртелетін, яғни қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар мөлшерін азайтамыз. 2023 жылы цехта 50 тоннадан астам пластик қалдықтары қайта өңделіп, кәдеге жарады. Пластикті қайта өңдеу – қоршаған ортаның қалпына келуіне сеп. Біз материалды қайта керекке жара отырып, қоршаған ортаға әсерді төмендетеміз.

Өндіріс құм-полимер өнімдерді жасау технологиясына негізделген. Бүгінде ол ТМД елдерінде кеңінен қолданылып жүр. ERG Recycling мамандары оны бізге бейімдеп, күл мен ERG кәсіпорындарындағы пластик қалдықтарын пайдаға жарату жағын ойластырды. Бүгінге дейін 6 000 м2 дайын өнім немесе 54 000 тақтайша шығарылды. Біртіндеп өндіріс көлемін, сәйкесінше өңделетін пластик көлемі мен шығарылатын өнім түрін алғайту жоспарланған. Одан бөлек, пластикті өңдеу технологиялары мен тәсілдерін де кеңіту көзделген.

ERG Recycling өнімдері Топтың өндірісінде кеңінен пайдаланылады.  Одан бөлек, өзге қазақстандық компаниямен өнімді сату туралы келісім шарт жасалған.