23 Мамыр 2024

ERG-дің корпоративтік университетіне EFMD алтын жүлдесі табыс етілді

ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық EFMD Excellence in Practice Awards 2024 байқауының «Кәсіби оқыту» аталымында «алтын» жүлдені жеңіп алды.

Компания сайысқа автотүсіргіш (самосвал) жүргізушілерін симулятор-тренажерлерін пайдалана отырып, оқыту жобасын ұсынған.  

ERG-дің корпоративтік университетінің ерекшелігі неде?

ERG Operex симуляторын өндірушілермен бірлесіп, автотүсіргіш (самосвал) жүргізушілерін даярлаудың инновациялық жүйесі әзірлеген. Ол мамандарды интенсивті тәртіпте даярлауға, оқытудың тиімділігі жоғары әрі қысқа мерзімде нәтижелі болуына сеп.

Тау-кен техникаларына қажетті мамандарды даярлау ісіне симулятор-тренажерді қолдану қазіргідей нарықтағы тұрақсыздық кезеңінде кез келген кәсіпорын үшін маңызды төмендегі 3 міндетті кешенді түрде шешуге сеп:

қауіпсіздікті нығайту,
эксплуатациялық шығындарды төмендету,
өнімділікті арттыру.

Жанама әсер – қоршаған ортаға шығарындылар мөлшері, жанармай шығыны мен шиналардың тозуы төмендеді. Жобаны іске асыру нәтижесінде жүгізушілердің даярлық деңгейі 60% жоғарылап, жанармай шығыны 30%, шиналардың тозуы 70% азайды. 2021-2023 жылдар аралығында жалпы саны 1 200 жүргізуші оқытылған. Биылдан бастап оқыту тоқсан сайын бір мезетте 1 000 адамды қамтып отыр.

ERG кәсіпорындарындағы негізгі тау-кен көліктері – CATERPILLAR, HITACHI маркалы ауыр жүктерді таситын автотүсіргіштер (самосвал) мен карьер экскаваторлары. Эксплуатациялық шығындардың жалпы көлемі, апаттар мен жол көлік оқиғалары саны бойынша да олардың саны басым. Сондықтан, ауыр жүк көліктеріне жүргізушілерді даярлау ісі ерекше ұстанымдар мен дайындықтағы тәжірибе сағаттарының мол болуын талап етеді. Өйткені, ондай жүргізушілер оқыс оқиғаларға тыңғылықты даяр, оқыс оқиғада әрекет алгоритмін толық меңгерген жағдайда, өз өмірін қатерге тікпейді, жабдықтың жарамсыз болып қалуына жол бермейді.

Одан бөлек, симулятор-тренажерлерді пайдалану маман даярлауға қажетті уақыт шығынын қысқартып, олардың дағдыларын тұрақты түрде шыңдап, ұштап отыру мүмкіндігін ұсынады. Бұл оқыту процесін барынша тиімді әрі компания қызметкерлеріне қолжетімді етті. Осылайша, тау-кен өндіру саласына жол ашты.

– Біздің жобамыз жоғары бағаланып, EFMD сынды әлемдік деңгейдегі беделді ұйымның алтын жүлдесімен марапатталғанына қуаныштымыз, - деді ERG-дің Қазақстандағы бас директорының персонал мен корпоративтік мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова. – Жоба жұмыс тәжірибесі, сыртқы сын-қатерлер мен заманауи процестер, оқытудың технологиясы мен әдістемесін қамтып,  ERG-дің өзге де бизнес міндеттерін шешуде жаңа идеяларға ынталандырады.

EFMD мен марапат жайлы

European Foundation for Management Development (EFMD) – Еуропалық менеджментті дамыту қоры 1972 жылы құрылған менеджментті дамыту ісімен шұғылданатын жаһандық коммерциялық емес ұйым. Бүкіл әлем оны безнес-мектептер, бизнес-мектептер мен корпоративтік университеттердің бағдарламаларын аккредитациялау ұйымы ретінде мойындаған. Қазіргі таңда оған әлемнің 92 елінен 983 ұйым мүше. Қатарында 30 000 кәсіби білікті маман бар.

EFMD Excellence in Practice (EiP) жүлдесі көшбасшылық, кәсіби біліктілік, ұйымдастырушылық даму салаларында тұтынушы мен жеткізушілер арасындағы тиімді серіктестік пен озық тәжірибелерге табыс етіледі. Жеңімпаздардың кейстері EFMD даму жөніндегі жетекшілерінің конференцияларында таныстырылады.

Өтінімдер мына 4 критерий негізінде бағаланады:

Мұқият рәсімделген бизнес-тапсырма
Бастаманың орындылығы
«Міндеттемелердің» тиімділігі
Бастаманың адамдар мен ұйымға нақты әсері