Қазақстандық IT-стартаптарға ERG Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кейстері ұсынылды

Күні кеше Ақтөбеде «Өнеркәсіптегі IT: ферроқорытпа зауыты үшін шешімдер» тақырыбында Кейс- чемпионатының бірінші кезеңі басталды.

Күні кеше  Ақтөбеде «Өнеркәсіптегі IT: ферроқорытпа зауыты үшін шешімдер» тақырыбында Кейс- чемпионатының бірінші кезеңі басталды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен IT командаларының атынан 45 жігерлі жас іріктеліп, өнеркәсіптегі IT әлемін көру мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушыларға кәсіпорынның технологтары, IT мамандары, металлургтері зауыттың нағыз міндеттері  мен мәселелерін таныстырды.

Тура бір айдан кейін, 24 мамырда IT командалары «Өндірістік IT-кейс чемпионаты және ТКӨК үшін цифрлық шешімдердің үздік тәжірибелері» форумында таңдалған кейстер бойынша шешімдерін ұсынады.

-- Шара мақсаты - тау-кен өнеркәсіп компаниясын цифрландыруға серпін беру,- деп атап өтті «BTS» ЖШС бас директоры Мағауия Сқақов.- Біз бұл салада алғашқылардың бірі болып стартаптарға есігімізді ашып, сыртқы IT командаларына күрделі өндірістік мәселелерді шешуде өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік бердік. Бір ай ішінде лайықты MVP IT өнімдерін көреміз деп үміттенеміз.

ERGдің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның басында  «BTS» ЖШС, басқарушы компания және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұжымдары тұр.