inform.kz 25.04.24 – 200 млрд теңгеге жуықтады: Су тасқыны кезінде қай кәсіпкер ең көп қаржы бөлді

Отандық бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен жандарға белсенді қолдау көресетіп жатыр. Ірі кәсіпкерлер мен компаниялар қайырымдылық қорлары арқылы техника, гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетуде. Бүгінде қайырымдылық қорына түскен жалпы сома 190 млрд теңгеден асты.

Отандық бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен жандарға белсенді қолдау көресетіп жатыр. Ірі кәсіпкерлер мен компаниялар қайырымдылық қорлары арқылы техника, гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетуде. Бүгінде қайырымдылық қорына түскен жалпы сома 190 млрд теңгеден асты.

Еуразиялық топтың (ERG) акционерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке 40 млрд теңге бөлді. Ақша су басқан елді мекендердегі үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұған дейін ERG 500 млн теңге, ал «Еуразиялық банк» 450 млн теңге бөлген еді.

Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін қосымша 40 млрд теңге бөледі. Бөлінген қаражат инфрақұрылымды қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды, оның ішінде балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, сондай-ақ тұрғын үйлерді салуға бағытталады.

Кәсіпкер Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге бөлді. Ақша тұрғын үйлерді қайта жөндеу және салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға жұмсалады.

Kaspi.kz-тің тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқыны кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін 20 миллиард теңге аударады. Бөлінген қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына тұрғын үйді қалпына келтіруге, сатып алуға және салуға жұмсалмақ. Бұған дейін қазақстандықтар «Biz birgemiz Qazaqstan» қорынан шамамен 80 млн теңге жинаған, ал Kaspi.kz бұл соманы 200 млн теңгеге дейін ұлғайтты.

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Қазақгаз», «Kegoc», «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» қорының корпоративтік орталығы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету үшін «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорына 15 млрд теңге аударды.

Еліміздегі су тасқыны салдарымен күреске үлесін қосқан кәсіпкерлер мен компаниялар:

ERG – 40,5 млрд теңге;

«Қазақмыс», KAZ Minerals, «АлтынАлмас», «Қаражыра» и RBK Bank – 40 млрд теңге;

Тимур Құлыбаев – 30 млрд теңге;

Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе – 20 млрд теңге;

«Самұрық-Қазына» – 15 млрд теңге;

«Қазақстан халқына» қоры – 10 млрд теңге;

Болат Өтемұратов – 10 млрд теңге;

Нұрлан Смагұлов – 6,1 млрд теңге;

BI Group – 5,5 млрд теңге;

Allur – 3,2 млрд теңге;

«Теңізшефройл» – 2 млрд теңге;

Кеңес Рақышев и Әсел Тасмагамбетова – 1,2 млрд теңге;

Halyk bank – 1 млрд теңге;

Orbis Group – 1 млрд теңге;

QazaqGaz – 1 млрд теңге;

Freedom Holding – 1 млрд теңге;

Болат Өтемұратов қоры – 680 млн теңге;

«Қазақстан халқына» қоры арқылы өзгеде заңды тұлғалар – 650 млн теңгеден аса;

Astana Motors – 500 млн теңге;

Еуразиялық банк – 450 млн теңге;

Kusto Group – 400 млн теңге;

Н. Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры – 300 млн теңге;

Mabсo constructions s.a. – 250 млн теңге;

B & A Contractors SA – 250 млн теңге;

Qarmet – 200 млн теңге;

Kaspi.kz – 200 млн теңге;

QazTehna – 100 млн теңге;

«Исткомтранс» ЖШС – 100 млн теңге.

дереккөзі