ERG «Өнеркәсіптегі ІТ: ферроқорытпа зауытына арналған шешім» атты кейс-чемпионатқа шақырады!

Егер, сіздің IT-стартапыңыз бар болса, немесе ІТ бағытындағы жоғарғы оқу ордасының соңғы курсында оқып жүрсеңіз, бұл НАҚТЫ СІЗГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ! Өтінім беріп, елдегі ең қуатты өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінің шынайы кейсін шешіп, бас жүлде – әріптестік туралы келісім шарт жасасыңыз!

Кейс-чемпионат 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең: Өтінім беріп, ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кейсімен танысу. Өтінімдер форум сайтында сәуірдің 19-ына дейін қабылданады. Кейс-чемпионаттың ережелері мен кейстер туралы толымды ақпараттың бәрі осында. Ұйымдастырушылар жалпы саны 27 шынайы кейс әзірлеген. Соның 21-і ІТ стартаптарға және 6-ауы ІТ университеттердің жоғарғы курс студенттеріне арналған.

Екінші кезең: Өтінімдерді компания сарапшылары іріктейді. Іріктеуден өткен барлық 24 қатысушы Ақтөбе ферроқорытпа зауытына саяхаттайды (ұйымдастырушылар есебінен). Кәсіпорын мамандары өндірістің технологиялық процестері және кейстерді таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

Үшінші кезең: Бір ай ішінде таңдап алған кейс бойынша жобалар мен ІТ шешімдер әзірлеу.

Дайын шешімдер 2024 жылы мамырдың 24-і күні Астана қаласы Hilton Astana қонақүйінде өтетін «Өнеркәсіптің IT форумы: ТМК саласындағы озық цифрлық шешімдер мен кейс-чемпионат» атты айтулы шарада таныстырылады.

Бас жүлде:

Шешімін сарапшылар комиссиясы «үздік» деп тапқан ІТ-компаниямен ұсынылған жобаны іске асыру жөніндегі келісім шарт жасалады.

«Озық» деп танылған студентті алпауыт ERG тау-кен металлургия тобының ІТ құрылымы –   «Business & Technology Services» ЖШС жұмысқа шақырады.

Мүмкіндікті мүлт жіберме! Сізден өтінім күтеміз!

Байланыс тел.: +7 702 8899 666