nazarmedia.kz 21.03.2024 – Хромтау кеншілері Наурыз мейрамын тойлады

Наурыз – берекенің бастауы. Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинатының ұжымы Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізді.

Наурыз – берекенің бастауы. Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинатының ұжымы Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізді. Ұлыстың ұлы күнін тойлауды дәстүрге айналдырған комбинаттықтар Әз-Наурызды кең көлемде атап өтіп, ізгілік пен татулық, ынтымақ пен ырыс бастау алатын жыл басымен қауышты.

Биыл айтулы мереке жаңаша форматта тойлануда. Республика бойынша Наурыз мейрамының бірегей логотипі бекітіліп, 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жүріп жатыр. Соған сай бір апта бойы комбинаттың басқару аппараттары мен цехтарында түрлі мерекелік шаралар өтті.

Ұжымның салт-дәстүрлер сайысы, барлық цехтағы наурыз-думан, аулаларында тігілген киіз үйлер мен бір-біріне құшақ жайып, тілектес болған әріптестердің көңіл күйі мерекені одан әрі аша түсті. Жұмыс орындарында ұлттық киім киіп, ұлттық әшекей-бұйым таққан қызметкерлер әз-Наурыздың ажарын келтірді. Цех асханаларында негізгі ас мәзірінен бөлек, жұмысшылар үшін ұлттық тағамдар – шұбат, қымыз, бауырсақ- жеті нан, құрт ірімшек, киіз үй үлгісіндегі нан өнімдері, палау және мерекенің басты тағамы – наурыз көже ұсынылды. Бұл шаралардың барлығы кәсіпорын мен комбинаттың кәсіподақ комитетінің қолдауымен іске асырылды.

дереккөзі