Eurasian Resources Group Ақтөбе облысын дамытуға биыл 4,7 млрд теңге бағыттайды

Eurasian Resources Group пен Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара түсіністік пен серіктестік туралы дәстүрлі меморандумға қол қойды.

ERG бұл мақсаттарға биыл 4,7 млрд теңге бөледі.

Құжатқа Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов қол қойды. Қаражат аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталмақ.

Осы орайда, Меморандумға енген жобалар сауалнама нәтижесінде іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн. Сарапшылардың мұқият талдауынан соң, әлеуметтік бағытта іске асуы тиіс ең маңызды жобалар айқандалған.

– ERG қызметін бастағалы бергі 30 жыл бойы Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ұмтылып келеді. Біздің негізгі миссиямыз – қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерін, «туған қалаларымыздың» тұрғындарын бақытты ету. Ол үшін біз үйлер, мектеп, спорт және мәдениет орталықтарын  салып келеміз. Биыл да өңір басшыларымен бірлесіп, тұрғындардың бастамаларын қолдап, білім беру мен спортты дамытамыз,- деді ERG бақылаушы кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.

Білім беру бастамалары

Қалыптасқан дәстүр бойынша меморандумдарда орта және арнаулы орта білім беру саласына жіті көңіл бөлінеді. ERG Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бағыттайды. Өңірлердегі колледждердің білім беру сапасын жоғарылатуға кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламалары, «ERG колледждерге» бағдарламасы аясындағы халықаралық тағлымдамалар да септігін тигізбек. Одан бөлек, ERG Хромтау қаласында балабақша салу ісіне жәрдем береді.

Денсаулық сақтау

Меморандум аясында биыл бірқатар денсаулық сақтау нысандарына медициналық аппараттар сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда: Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына денесін күйік шалған науқастарға арналған төсек және Батыс Қазақстан медицина университетіне ультра дыбыстық зерттеу жабдығы сатып алынады.

Мәдениет пен абаттандыру

Компания қолдауымен Хромтауда 400 орынға шақталған мәдениет орталығы салынып жатыр. Ақтөбе қаласындағы Алтын орда ауданындағы шағын бақ  абаттандырылып, қалада саябақ құрылысы жоспарланған. Одан бөлек, Хромтаудағы «Горняк» мәдениет үйіне көмек көрсетіледі. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыстағы руханят ордаларына (Хромтау ауданының «Нұр» мешіті, Хромтаудағы Серафим Саровский православ шіркеуі мен Хромтаудағы қасиетті Отбасы рим-католик шіркеуі) да жәрдем беріледі.

Коммуналдық шаруашылық нысандарын қолдау

Жыл сайын меморандумдар қоғамдық орындарды абаттандыруды да қамтиды. Мәселен, Хромтаудың жылу желілерін, сумен қамдау және кәріз желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оған қоса, қала көшелерін тазартуға қажетті арнайы техника сатып алынады.

Бастамалы бюджеттендіру

Корпоративтік «Tugan Qala» бастамасы аясында Хромтауда 15 абаттандыру жобасы қаржыландырылады. Бұл тұрғындардың өздері ойлап тауып, әзірлеп, ұсынған бастамалары. Бастаманы жылт еткен идеядан, дайын жобаға айналдыруға білікті сарапшылар септескен. Жеңімпаз жобаларды тұрғындардың өздері дауыс беріп, таңдады. Осы орайда, жыл өткен сайын қала инфрақұрылымын дамытуға қатысты бастамалар саны мен тұрғындар талпынысы тұрғысынан алғанда жобада оң динамика барын айта кеткен абзал. Нәтижесінде елді мекеннің бюджетін үлестіру мен қаланы абаттандыруға белсене қатысу, ат салысу мәдениеті қалыптасып келеді.

Бұқаралық спортты дамыту

Меморандум қаражаты есебінен Ақтөбе мен Хромтау қалаларындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жұмысы қаржыландырылады. Аталған нысандардың спорт үйірмелерінде бүгінде 1 200 бала шынығып жүр. Одан бөлек, Ақтөбенің футбол академиясын қолдау көзделген.

ERG қызметін бастағалы бергі 30 жыл бойы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Меморандумдар аясында осыған дейінгі жылдары іске асқан жобалар туралы ақпаратты мына және мына сілтемелерден таба аласыздар.

Қазіргі таңда ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі – 310 млрд теңгеден асқан. ERG қызметін бастағалы бері жалпы сомасы 95 млрд теңгелік моморандумдарға қол қойған.