kaz.inform.kz 07.03.2024 – Комбинатта 8 сағат бойы тікемнен тік тұрып жұмыс істеймін — темір жонушы

Темір жонушы Гүлжанат Танабергенова тау-кен байыту комбинатында еңбек етеді. Ол ауысымына 8 сағат бойы тікесінен тік тұрып шахтаны бекітуге арналған темірді ұзындығына сәйкес қиып, екі ұшын жонып береді.

Темір жонушы Гүлжанат Танабергенова тау-кен байыту комбинатында еңбек етеді. Ол ауысымына 8 сағат бойы тікесінен тік тұрып шахтаны бекітуге арналған темірді ұзындығына сәйкес қиып, екі ұшын жонып береді. Жауапты қызметте жүрген үш баланың анасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні ерекше ілтипатқа бөленгенімен, зауыттағы әр әйел өз қызметін тоқтаусыз атқара беретінін жеткізді. Дөң кен-байыту комбинатында 8 мыңға жуық адам еңбек етсе, оның 2,5 мыңы — әйел.

дереккөзі