aqtobegazeti.kz 08.03.2024 – Нәзік те қайсар арулар

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс істейтін кран машинистерінің дені — әйел адамдар. Олар ер-азаматтармен тең жүріп жұмыс істейді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс істейтін кран машинистерінің дені — әйел адамдар. Олар ер-азаматтармен тең жүріп жұмыс істейді. Аналардың, арулардың мерекесі қарсаңында зауытта салмағы 20 тонналық, биіктігі 12 метр болатын кранға күн сайын көтеріліп, жүкті вагондарға тиейтін краншы, бағыттама постының кезекшісі және электрмонтер мамандарымен сұхбаттасқан едік…

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Ләззат Мұқанованың айтуынша, ферроқорытпа зауытында 700-ден аса әйел адам жұмыс істейді. Бұл — кәсіпорындағы барлық жұмысшылардың 20 пайызы. Олар негізінен — кран машинисі, химиялық зертхана зертханашылары, қара металлургиядағы бақылаушылар, компрессор жабдықтарының машинисі, сынама іріктеушілері, ферроқорытпа тазартушысы, электромонтерлер, инженер-химик, шихта дайындаушысы, теміржол бұрмаларының маманы, өлшеуші, ферроқорытпа уатушылары.

дереккөзі