Global CIO ІТ-директорларының халықаралық кәсіби қауымдастығы «Жыл жобасы 2023» байқауының жеңімпаздарын жария етті. Eurasian Resources Group осы жолы да жеңімпаздар қатарында. Компания SAP HCM Payroll – 65 мың қызметкерді қамтыған кадрлық есеп пен еңбекақыны есептеудің бірыңғай жүйесін енгізгені үшін марапатталған.

Жобаның ІТ-провайдері – Business and Technology Services компаниясы (ERG құрамында).
ІТ-шешім Топтың Қазақстандағы 33 кәсіпорнын қамтыған. Нәтижесінде еңбекақыны есептеу процесі бірізді жолға қойылып, оңтайландырылды. Жоба 2021 жылы қазан айында қолға алынған.
- Бұл батама аясында тек еңбекақыны есептеу жұмысын автоматтандырумен шектелмей, біз жаңа SAP S4HANA тұрғырнамасында еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көштік. Бұл қазіргі заңнама талаптары мен тау-кен металлургия саласындағы көшбасшы ретінде біздің стейкхолдерлеріміздің сенімін ақтау,- деді жоба жетекшісі Светлана Барановская.
Шешім 2023 жылдың қаңтар айында іске асырылды. Команда корпоративтік қосымша әзірлеп, тәулік бойы қолжетімді есеп-асырысу парақшаларын қарау функциясын іске қосты. Одан бөлек, еңбекақы мәселелері бойынша бірыңғай HR Call-Centre де тәулік бойы жұмыс істейді.
Бұл байқауға 15 елден жалпы саны 70 жоба өтінім берген.
Жоба туралы толымды ақпарат.