Еurasian Resources Group (ERG) компания құрылымында төмендегідей ұйымдастырушылық өзгерістер болғанын хабарлайды

«Еуразиялық Топ» ЖШС алғашқы шақырылымдағы Бақылаушы кеңесінің қызметі 2022 жылдың 1 мауысым күні аяқталды.

Естеріңізде болса, Бақылаушы кеңес 2017 жылы маусымның 1-і күні басқару жобасы аясында 5 жыл мерзімге құрылған болатын. Ол операциялық тиімділікті арттыру, өндіріс процестерін автоматтандыру деңгейін жоғарылату, кадр даярлау сапасын жақсарту және ERG-дің құрылымдық интеграциясын жақсартуды көздеді.  

2017 жылдан бері ERG S.à r.l. Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары және «Еуразиялық Топ» ЖШС Бақылаушы кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келген Алдияр Қазтаев мырза өз жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін алға тартып, ERG-ден кететінін хабарлады. Бұл лауазымда оны Шухрат Ибрагимов мырза алмастырып, «Еуразиялық Топ» ЖШС Бақылаушы кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

 Алдияр Қазтаев мырза басшылық пен ERG командасына іске адалдық, жұмысқа жанашырлық пен қолдаулары үшін алғыс айтты.

 ERG S.à r.l. Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: «Eurasian Resources Group осы жылдар аралығында өндірістік, экологиялық және әлеуметтік трансформациядан өтті. Компания атынан мен Қазтаев мырзаға оның кәсіби біліктілігі, ERG-ді дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс айтқым келеді»,- деді.