Алмас Аширбеков

Қаржы директоры

Алмас Жарасбайұлы KIMEP University-ді «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Экономика саласындағы MBA дәрежесі, сондай-ақ Ұлыбританиялық University of Nottingham экономика саласындағы PhD дәрежесі бар.

Алмас Аширбеков қаржылық басқару, корпоративтік қаржы, аудит және бизнесті стратегиялық дамыту салаларындағы терең сараптамалық қабілетке ие.

Бұған дейін ол халықаралық және қазақстандық компанияларда, атап айтсақ Ernst & Young Global Limited, Heidelberg Materials, Everest Capital Management компанияларында басшылық қызметтер атқарған.

Қазір Todini Costruzioni Generali S.p.A директорлар кеңесінің вице-төрағасы, сондай-ақ «Integra Construction KZ» ЖШС, «Kazakh Construction Group» ЖШС, «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС бақылау кеңестерінің құрамында.