Абылай Сәденов

Бас директор

Абылай Сәденов Пенсильвания штатының университетін «Өнеркәсіптік инжиниринг» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жобаларды басқару мен ұйымдастырушылық өзгерістер, жеткізілім тізбектерін басқару салаларында сертификатталған білікті маман.

2015 маусымы мен 2016 мамыры аралығында

Абылай Сәденов Еуразиялық Топ кәсіпорындарындағы еңбек жолын «Қазақстан алюминийі» АҚ Инвестициялар департаментінде  инженер-механик болып бастаған.

2016 жылдың мамыр мен тамызы аралығында

«Еуразиялық Топ» ЖШС операциондық шығыстарды талдау бөлімінің жетекші маманы

2016 жылдың тамызы мен 2017 жылдың желтоқсаны аралығында

«ERG Коммерция орталығы» ЖШС сараптама орталығының басшысы.

2018 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында

«ERG Коммерция орталығы» ЖШС сатып алулар жөніндегі атқарушы директоры

2018 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қазаны аралығында

«ERG Коммерция орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары

2021 қазаны мен 2026 жылдың наурызы аралығында

«ERG Capital Projects» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

2026 жылдың наурыз айында

«Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.