Ақсу ферроқорытпа зауыты

Директоры:

Мұсабек Жамансарыұлы Макашев

Хром, кремний және марганец қорытпаларын өндіру бойынша әлемдегі жетекші металлургиялық кәсіпорын.

Кәсіпорынның бірегейлігі – әртүрлі таңбалы болаттар шығаруға қажетті хром, кремнийлі және марганецті қорытпаларының ірі ауқымды өндірістерін қиыстыруында. Зауыттың құрамында төрт ферроқорытпа цехы, 28 электр пештері, шихта дайындау цехы, агломерациялық цех және т.с.с әрекет етеді.