Абылай Сәденов Пенсильвания штатының университетін «Өнеркәсіптік инжиниринг» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жобаларды басқару мен ұйымдастырушылық өзгерістер, жеткізілім тізбектерін басқару салаларында сертификатталған білікті маман.
Абылай Сәденов Еуразиялық Топ кәсіпорындарындағы еңбек жолын «Қазақстан алюминийі» АҚ Инвестициялар департаментінде инженер-механик болып бастаған.
«Еуразиялық Топ» ЖШС операциондық шығыстарды талдау бөлімінің жетекші маманы
«ERG Коммерция орталығы» ЖШС сараптама орталығының басшысы.
«ERG Коммерция орталығы» ЖШС сатып алулар жөніндегі атқарушы директоры
«ERG Коммерция орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары
«ERG Capital Projects» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет етті.
«Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.