ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде («ССКӨБ» АҚ) цифрлық мұражай ашылды. ERG корпоративтік университетінің базасында интерактивті кеңістік құрылды. Мұнда кәсіпорын тарихы виртуалды шынайылық, жасанды интеллект технологияларымен және цифрлық экспозициялармен толықтырылған. Олар кен орнын игеруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі өндіріс жолын тамашалауға мүмкіндік береді.
Мұражайға саяхат келушілерді ERG-дің Қазақстандағы географиясымен таныстыратын интерактивті картадан басталады. Ол Еуразиялық Топтың өндірістік активтерін, оның дивизиондары мен кәсіпорындарын көрнекі түрде көрсетіп, компанияның ауқымы мен өндірістік алаңдарының өзара байланысын паш етеді.
Келесі бөлім — тарихи аймақ. Үлкен экран мен интерактивті панельдерде Сарыбай темір кені орнының ашылуына негіз салған ұшқыш-геолог Михаил Сургутановтың ұшуынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі ең маңызды оқиғалардың хронологиясы ұсынылған.
Мұнда кәсіпорынның қалыптасуындағы айтулы кезеңдер көрініс тапқан: кен орнын игеру, алғашқы өндірістік жарылыс, фабриканың іске қосылуы, өндірістік жабдықтарды пайдалануға беру және ССКӨБ дамуының басқа да кезеңдері. Әрбір дерек егжей-тегжейлі мәліметпен және мұрағаттық фотосуреттермен сүйемелденген, олардың бір бөлігі жасанды интеллект көмегімен «жандандырылды».
Шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді көрсететін макет ерекше орын алады. Анимациялық жәдігерлер технологиялық процестерді қайталайды, ал келушілер арнайы басқару пульттерінің көмегімен шағын техника мен жабдықтарды өздері басқара алады.
Бөлек алаң еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған. Бейне және аудиоматериалдары бар интерактивті панель бірлестік қонақтарына өндірістік нысандардағы қауіпсіз тәртіп бойынша кіріспе нұсқаулық жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар, цифрлық панель естелік селфи жасап, оны QR-код арқылы алуға мүмкіндік береді.
Экскурсияны кәсіпорынның заманауи тыныс-тіршілігімен таныстыратын үш мультимедиялық аймақ жалғастырады. VR-көзілдіріктердің көмегімен негізгі өндірістік алаңдарға виртуалды саяхат жасауға болады. Карьерлерді, шахтаны және цехтарды аралап, 220 тонналық карьерлік өзі аударғыштардан бастап кәсіпорынның екі тонналық көліктеріне дейінгі техниканың ауқымын бағалауға мүмкіндік бар. Жекелеген экспозициялар қосалқы бөлімшелер мен ұжымның әлеуметтік өмірі туралы баяндайды.
– Цифрлық мұражай – бұл жай ғана жәдігерлер жиынтығынан әлдеқайда жоғары дүние. Біз ССКӨБ тарихын жаңа ұрпаққа түсінікті әрі қызықты заманауи форматта сақтап қалғымыз келді. Бұл жерде кәсіпорынның қалай құрылғанын біліп қана қоймай, тікелей өндіріске еніп, жұмысымыздың ауқымын көруге және бүгінде ССКӨБ немен тыныстап жатқанын сезінуге болады. Мұражай біздің қызметкерлеріміз, ардагерлеріміз, мектеп оқушылары, студенттер мен кәсіпорын қонақтары зор қызығушылықпен келетін орынға айналатынына сенімдімін, – деп атап өтті ССКӨБ бас директоры Сергей Кузьменко.
Цифрлық мұражайға жыл сайын мыңға жуық адам келе алады. Жоба ССКӨБ өндірістік мұрасын сақтауға арналған заманауи алаңға айналады, мұнда кәсіпорынның көпжылдық тарихы мультимедиялық шешімдер арқылы ұсынылған.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда